Photo: Gundula Vogel (https://www.pexels.com/@guvo59) / Pexels
- 09 мау. 2026 17:30
- 30
"Кешьюдің қызымен көзіме шөп салды": Баян Мақсатқызының шәкірті дауға ілікті
Threads желісіндегі белсенділердің бірі Кешью тобының бұрынғы мүшесі Аида Смағұлованы отбасылы ер адаммен көңіл қосқан деп айыптап, жазба жариялады. Бұл жазба желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.
Жазба авторының айтуынша, күйеуінің опасыздығын білгеннен кейін, оның көңілдесі осы Аида Смағұлова екені анықталған.
«6 маусым күні менің өмірім «дейін» және «кейін» болып екіге бөлінді. Күйеуімнің көзіме шөп салғанын білдім. Кейін белгілі болғандай, ол қыз – Кешью тобының бұрынғы мүшесі Аида Смағұлова екен. Продюсерлер қараңыздаршы, кімді тәрбиелеп, қолдап жүрсіздер. Әлеуметтік жауапкершілігі төмен әйел. Ол ер адамның отбасы барын, 3 және 5 жастағы екі баласы барын біле тұра, онымен романтикалық қарым-қатынас бастап, төсегін бөлісті», – деп жазды жазба иесі.
Автор күйеуін де кінәлайтынын, алайда отбасының бұзылуына үшінші тұлғаның да жауапкершілігі бар екенін атап өтті.
«Еш күмәнсіз, ең алдымен кінәлі – менің күйеуім. Ол өз әрекеті үшін міндетті түрде жауап береді. Бірақ осындай әйелдер бар кезде қоғамымыз іштен іриді. Оның бәріне дайын болғанының кесірінен менің екі балам толық емес отбасында өседі. Бұл тек оған ғана емес, өзгенің шаңырағын шайқалтатын барлық әйелдерге қатысты. Олар да ересек адамдар және өз іс-әрекеттері үшін жауап беруі тиіс. Жағдайға екінші тараптың көзімен де қарап көріңіздер», – деді ол.
Әзірге Аида Смағұлова аталған айыптауларға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.