4 сыныптарға арналған қазақ тілінен диктант жұмыстары
Туған өлкем
(4 сыныптарға арналған қазақ тілінен диктант жұмыстары)
Менің өлкем
Батыс Қазақстан облысы – Қазақстанның қиыр солтүстік батысында, Жайық өзенінің ортаңғы ағысында орналасқан.
Облыстың жалпы шекарасының ұзындығы 2274 шақырым, соның ішінде Ресеймен мемлекеттік шекара - 1400 шақырым, Қазақстан облыстарымен - 847 шақырым. Облыс солтүстігінде және батысында Ресей Федерациясының Саратов, Самара, Орынбор, Волгоград облыстарымен, ал шығысы мен оңтүстігінде Қазақстанның Ақтөбе, Атырау облыстарымен шектеседі. Қазақстанның 14 облыстарымен салыстырғанда Батыс Қазақстан облысы жер көлемі бойынша 8 - ші орында.
Тапсырма.
1. Сан есімдерді тауып, оларды сөзбен жаз.
2. Жалқы есімдердің астын сыз.
Сен білесің бе?
Батыс Қазақстан облысында 500 - ге тарта омыртқалы жануарлар түрі және жүздеген, мыңдаған омыртқасыз жануарлар кездеседі.
Құстардың торғайлар отрядына кіретін түрлері: қараторғай, жылқышы, безгелдек, ұзақ, қарға т. б. адамға үлкен пайда келтіреді. Олар бау - бақша, егістік алқабында, орман - тоғайдың өсімдіктеріне зиянды жәндіктерді жойып отырады.
Бүркіт, жапалақ, үкі, қарға, лашын, кезқұйрық сияқты жыртқыш құстар табиғат тазалықшылары.
Тапсырма.
1. Етістіктерді тауып, олардың қай шақта тұрғанын анықта.
2. Тасымалданбайтын сөздерді теріп жаз.
Құралай
Құралайдың салқыны – шамамен мамырдың жиырмасынан басталып оншақты күнге созылатын ауа райының құбылмалы күндері. Көбінесе адамға да, малға да жайсыз қара суық, ызғырық жел еседі, не жауын - шашынды болады.
Ақбөкендер жалқы да, егізде туады. 3 - 4 күндік құралай жауынынан құтыла алмайды. Қатер туған кезде олар тыпыр етпей жата қалады. Оны екі адым жерден де байқамай қаласың, өйткені түсі сол жердің реңіне ұқсас келеді. Осы кезде бөкеннің лақтары аяқтанады.
Батыс Қазақстан малшылары Құралай өткеннен кейін ғана жайлауға көше бастайды.
Тапсырма.
1. Сан есімдердің астын сыз. Реттік сан есімге айналдырып жаз.
2. Мәтінде қанша сөйлем бар, жаз.
Тапсырма.
1. Бірінші сөйлемдегі дауыссыз қатаң дыбыстардың астын сыз
2. Камшат сөзін септе.
Қабыршақты
Қабыршақты – Көшім өзенінің екінші атауы. Қабыршақты өзендегі су бақаларының қабыршақтарына байланысты қалыптасқан. Олар түлеген кезде ескі қабыршақтарынан арылады, өзен жағасы осындай қабыршақтарға толы болғандықтан Қабыршақты атанған.
Қабыршақты өзені Бірқазан көліне құяды. Көл маңайын жағалай қамыс пен қоға, судан қашықтаған сайын - ащышөп, иттабан, жыңғыл, бұзаубас, ақ жусан, итсигек, ақселеу мен бетеге өскен.
Көшім каналы арқылы төрт су қоймасына құйылып, шабындық және жайылымдық жерлерді суаруға пайдаланылады. Көшім каналы осы облыс еңбеккерлерінің қажымас қайратының белгісі.
Отызыншы жылдары елімізде техникалық құралдар жетпей жатқан кезде еңбекші бұқара бұл каналды қолмен қазған.
Тапсырма.
1. Бес дара етістіктерді теріп жаз. Оларды күрделі етістікке айналдырып жаз.
2. Қазған сөзін үш шаққа айналдырып жаз.
Дала күзені
Орал өңірінде көп тараған дала күзені. Оның сәнді терісі шикізат есебінде шет елдерге шығарылатын аң. Жалпы түсі ақшыл сары, тек қылшығының үсті ғана қоңыр. Бауыры ақшыл. Осыған қарап кейде оны ақ күзен деп те атайды. Оның қысқы терісі құнды. Бұл кезде оның жүні ұзын, жұмсақ және қалың келеді.
Күзендер ін қазбайды, басқа кемірушілер інін қолданады. Ол ауылшаруашылығына зиян келтіретін саршұнақтарды құртады.
Тапсырма.
1. Сын есімдерді тауып, астын сыз.
2. Сегізінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.
Ор қоян
Батыс Қазақстан облысында кең таралған терісі бағалы аң - ор қоян. Жайық өзенінің жайылымында көп кездеседі. Қояндардың ішіндегі ең ірісі. Салмағы 6 - 7 кг.
Ор қоян көбінесе ашық далалы жерлерде, арасы сирек шоқ тоғайдың арасында, өзеннің жайылмасында, шоқ - шоқ бұтаның арасында, жыра бойында, көлдің жағасында көп шоғырланады.
Олар жылына 10 - 12 көжек туады. Бұл қоянның еті мен терісі бағалы. Зиянды жақтары да жоқ емес. Ол егіс және орман, бақша дақылдарын зақымдап зиян келтіреді, мал мен адам арасында ауру да таратушылар.
Тапсырма.
1. Жуан сөздерді түбірі мен қосымшасына ажыратып, белгіле.
2. Жайылымында, зиянды сөздерін буынға бөл.
Су қойнаулары
Батыс Қазақстан облысының территориясынан 200 - ге жуық өзендер ағады, оның жалпы ұзындығы 5100 км құрайды. Оның сегізі ғана жаз бойы ағысын сақтап отырса, қалғаны кеуіп кетеді.
Сол сияқты 178 өзендер мен тоғандар бар, оның 56 - сы тұщы сулы. Жер асты сулары да бар. Осындай су қойнауларының жағасында көптеген өсімдіктер өсіп, жануарлар тіршілік етеді.
Тапсырма.
1. Мәтінде қанша сөйлем бар? Жазып көрсет.
2. Соңғы сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.
Көшім жылқысы
Негізі 1963 жылы құрылған «Красногор» жылқы зауыты – әлемге танымал «Көшім» асыл тұқымды жылқысын өсіретін бірден – бір шаруашылық. 1973 жылы оған асыл тұқымды жылқы зауыты мәртебесі берілді.
Көшім жылқысы – мініп - жегуге арналған, қазақы жылқыдан едәуір ірі, сүйегі берік, төзімді, тебінде бағуға да жақсы бейімделген тұқымдық топ. Түсі қоңыр, жирен, торы. Оны ауыр жұмысқа және ет - сүт
Тапсырма.
1. Соңғы сөйлемдегі дыбыс үндестігіне бағынбай тұрған сөздің астын сыз.
2. Мәтінде жуан айтылған төрт сөздің түбірі мен қосымшасын ажыратып, белгіле.
Күзен
Өз жауларынан қорғайтын, күзеннің аналық безінен шығатын өте сасық иісті зат шығып тұрады. Сондықтан қазақтар бұл жыртқышты сасық күзен деп атайды.
Батыс Қазақстанның табиғаты күзенге қолайлы, сондықтан олар көбірек кездеседі. Жайқалып өскен шабындығы бар далалы аймақ, шөл, шөлейтті өңірлер, өзен мен көлдер олардың негізгі мекені. Ұсақ кеміргіштер – дала күзенінің негізгі қорегі. Олар ін қазбайды, басқа кемірушілер інін қолданады. Індерінде жас ет сақтайтын бөлек орындары болады.
Сасық күзеннің терісі қарашадан бастап құнды. Сондықтан қарашадан бастап ақпанға дейін аулауға рұқсат етіледі.
Тапсырма.
1. Мәтінде қанша сөйлем бар екенін анықта. Жазып қой.
2. Мәтіндегі құрмалас сөйлемнің астын сыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.