Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 13 сағат бұрын)
Сан есім
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Сан есімнің граматикалық тұрғыдан сөз табы екенін ұғындыру. Олардың сөйлемдегі сөздерге қатысы мен байланысын анықтай білуге үйрету. Сұрақтар қою арқылы сөйлем ішіндегі сан есімдерді тез таба, ажырата білуге дағдыландыру
2. Дамытушылығы: танымдық тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелілігі: оқушыларды ұйымшылдыққа, таза, сауатты жаза білуге, адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану
Көрнекіліктер: бала білімін бекітуге арналған қосымша тапсырмалар топтамасы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Өткен сабақты бекіту.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Сыныпты үш топқа бөлу, оларға тапсырмалар беру және жауаптарын тыңдау арқылы өткен сабақтарда танысқан сөз таптары қайталанады.
І топ.
Зат есім дегеніміз не?
Зат есім қандай сұрақтарға
ІІ топ
Етістік дегеніміз не?
Етістік қандай сұрақтарға
ІІІ топ
Сын есім дегеніміз не?
Сын есім қандай
с ұ р а қ т а р ғ а ж а у а п б е р е д і?

- Сөйлем ойла, сұрақтар қою арқылы өздеріне берілген сөз таптарын табу.
Өтірік өлең.
Елу метр есіктен
Еңкеюмен шақ кірдім.
Жүз қасқырды өшіккен
Бір қозыға бақтырдым.
Қарамен ерекшелінген сөздерге сұрақ қой. Қай сөз табына жатады?
Сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа сабақты тұжырымдау
Сан есімнің ережесін еске түсіру.
Ереже.
Заттың санын білдіретін сөздерді сан есімдер деп атаймыз. Неше? нешінші?
Қанша? сұрақтарына жауап береді
Кітаппен жұмыс.
2 - жаттығу. Сандарды сөзбен жазып, сөйлемдерді көшір. Сан есімдер қай сөзбен байланысып тұрғанын анықта.
(12 ай, 30 күн, 4 апта, 7 тәулік, 24 сағат, 60 минут )
3 - жаттығу. Ауызша, терең ойлай білуге жетелейтін тапсырма. Мәтінді оқып, сан есімдердің қай сөзге қатысты екендігін анықтау.
4 - жаттығу. Балалар шығармашылығын дамыту. Сан есімдердің қасына тиісті зат есімдерді қойып жаз.
*Жазған сан есімдер мен зат есімдерді қатыстырып сөйлем құра.
5 - жаттығу. Ақпараттық ізденіс. Жұмбақты жатқа жаз. Шешуін тап.
Алтын терек, он екі бұтақ,
Үш жүз алпыс бес жапырақ.

Қосымша
1. Екі таяқ,
төрт сылдырмақ,
бір сыпыртқы.
(сиыр)
2. Бір үйге көзсіз боп басыңды сұғасың,
Бұл үйден көреген боп шығасың
(Мектеп)

*Сан есімдерді тап, сұрақ қой. Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.
Бала қиялын жетілдіру, көңілдерін сергіту әрекеттері.
Ойнаймыз, күлеміз, шешуін табамыз!
*Бір сиырдың аяғы, құйрығы, мүйізін бірге санағанда барлығы нешеу?
*Мен, сен және біз екеуіміз, сонда біз қаншамыз?
Біреуі сөйлейді, екеуі тыңдайды, екеуі көреді. Ол не?
Жауабын тап. Сан есімдерді анықта.

Сабақты бекіту.
1. Сан есім дегеніміз не?
2. Сан есімнің сұрақтары
3. Сан есім қай сөз табымен байланысады?
4. Сан есімдері бар мақал айту.
5. Сан есімдері бар жұмбақ айту.
Үйге тапсырма:
Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама