Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
5-ке дейін санау
Балаларға 5 көлеміндегі сандарды тура санауға дағдыландыру. Балаларға кеңістікті бағдарлауға, затты көлеміне қарай ажырата білуге үйрету. Геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту. Логикалық ойындар арқылы ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Балалар арасындағы қарым – қатынас сыйластықты қалыптастыру.
Әдіс тәсілі: Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: Қояндар, тиындар, сәбіздер, саңырауқұлақтар, алмалар, Дьенеш карточкалары
Сабақ барысы:
І. Балалар қараңдаршы бізге қонақтар келді, кәне амандасайық. Қазір біз орталықтарға бөлінеміз.
Үшбұрыш таңдаған олар шығармашылық орталығына өтеді, ал төртбұрыш таңдаған математика орталығына өтеді.
(Екі орталыққа бөліну үшін қоңырау соғылады)
- Балалар бүгін біз Алия қуыршаққа қонаққа барамыз. Ол алыста тұрады. Жаяу жете алмаймыз. Оған бару үшін немен жетеміз. Ендеше мен жұмбақ жасырам. Оның шешуі қуыршаққа баратын көлік болады.

Қандай ғажап - қызыл үй
Бар онда көп балалар,
Резеңкеден аяқ киім
Бензинмен тамақтанады. ( автобус)

Сен қалай ойлайсың Еркебұлан бұл не?
Дұрыс балалар бұл автобус. Ендеше автобусқа отырамыз. Көңілді жету үшін тақпақ айтып барайықшы!
( автобуспен келе жатқанда тақпақ айтады)
Міне Алия қуыршаққа да келдік. Алия бізді күтіп тұр екен.
- Сәлеметсің бе Алия қуыршақ
- Сәлеметсіңдер ме балалар.
- Алия, сенің бүгін көңіл – күйін болмай тұрған сияқты?
- Ия балалар маған қонаққа қояндар келді, бірақта менің дайындаған сыйлықтарым жетеме жетпей ме деп ойланып тұрмын.
- Ендеше балалар Алия қуыршаққа көмектесейік.
Балалар: Ия
ІІ. Сандарды санау.
Алия қуыршақ біздің балалар сандарды санауға біледі.
Нұрай сен санашы, ал балалар мұқият тыңдайды дұрыс санайды ма жоқ па?
Тарғын сен мынау сандар адасып кетті, ретімен орналастыр. Дұрыс балалар өте жақсы.
Міне Алия қуыршақ біздің балалар санау біледі.
Ал енді қояндарға сыйлықтарын таратып берейік
Қояндарға сәбіздер жетеме?
Сен қалай ойлайсың қалай білеміз?
Сен қалай ойлайсың, қалай тексереміз?( біреудің астына қоямын содан кейін санаймын)
Қанша сәбіз бар?
Қоян көппе? Әлде сәбіз бе?
Қанша қоян болса, сонша сәбіз болады.
Өте жақсы енді орындарымызға отырамыз
ІІІ. Балалар үстелдің үстінде алмалар жатыр.
Алма қандай пішінге ұқсас? ( дөңгелек)
Түсі қандай?
Алмалардың қандай түстері болады?
Алманың дәмі қандай?
Ал енді тапсырма дұрыс орындай аласыңдар ма көрейік.
Жолақшаның астына 5 үлкен алманы.
Жолақшаның үстіне 5 кішкентай алма.
Аяулым неше үлкен алма?
Неге солай қойдың ( өйткені тапсырма сондай )
Еркебұлан неше кішкентай алма? қай жолақшаға қойдың? Неге?
Әр жолда неше алма? ( үлкен және кішкентай алмалар бірдей )
Бір үлкен алманы ала ғойыңдар?
Сендер қалай ойлайсыңдар қандай алма көп?
Сен қалай ойлайсың қандай алма аз?
Бірдей болу үшін не істеу керек? ( үлкен алманы қосайық )
Кәне санайықшы үлкен алмалар нешеу?
Кішкентай алмалар ше?
Жақсы балалар, әр заттың саны көлеміне байланысты болмайды.
ІҮ. Балалар Алия қуыршақтың жанына жақындайық. Ол бізбен ойнағысы келеді. Қазір сендер мұқият тыңдаңдар. Мен шапалақтаймын, жауабын кез келген баладан сұраймын, жауабын құлағыма сыбырлайсыңдар. ( шеңберге тұрып орындау )
Ү. Балалар менің қолымда не? ( геометрикалық пішіндер)
Мүмкін бұл сандар? ( жоқ )
( өйткені оның бұрыштары бар, қабырғалары бар )
Ал сендер қазір сиқыршы боласыңдар. Алияның үйіне қонаққа келдік біз оған сиқыр көрсетейік.
Осы геометриялық пішіндерді заттарға айналдырайықшы.
Жақсы балалар, ал енді біз қызықты ойын ойнаймыз.
Үстелдің үстінде конверттер жатыр. Ішіндегі жатқан заттарды алып алдымызға қоямыз.
( тақтада тапсырма)
- қандай пішін? (сопақша )
- түсі қандай? ( жасыл )
- қандай пішін? (ұш бұрыш)
- түсі қандай? (көк)
Дұрыс
Сергіту сәті.
Ал енді үстелдің үстінде ақ қағаз оны алдымызға аламыз. Мені мұқият тыңдап тапсырманы орындаймыз.
- ортада - аю
- Оң жақта – саңырауқұлақ
- сол жақта – гүл
- үстінде – бүлдірген
- астында – бүршік
Балалар енді тексереміз. Аяулым Еркебұлан дұрыс орындады ма?
Сен қалай ойлайсың Рената дұрыс орындады ма?
Жақсы балалар.
Қорытынды:
- Балалар бүгін сабақта не істедік?
- Сабақта қиналған жерлерің кездесті ме?
- өзіңді не үшін мақтай аласын?
- Көңіл күйлерін қандай?
- Алия қуыршақтың көңіл – күйін сұрайықшы.
- Рахмет. Сау болыңдар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама