Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
5 қаңтарда Тоқаевтың сұхбаты жарияланады

Қазақстан Президентінің жаңа сұхбатының жариялану күні белгілі болды.

Бұл туралы Мемлекет басшысының көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

"5 қаңтарда "Turkistan" газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл басылымның бас редакторы, белгілі ақын, публицист Бауыржан Бабажанұлына берген кең көлемді сұхбаты жарияланады", - делінген хабарламада.

Сұхбат "Turkistan" газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлына берілген.

Еске салайық, Мемлекет басшысы былтыр дәл осындай форматта "Ana tili" газетіне сұхбат берген еді.

Жаңалықтар

Жарнама