Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
6,2 мың ақтөбелік оқушы Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат жасайды

6 200 ақтөбелік оқушы Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат жасайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтты.

Оның айтуынша, Ақтөбе облысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұсынылған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын ілгерілетудің жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жоба аясында негізгі көрікті жерлерді, тарихи нысандар мен облыстың мәдениетін сипаттайтын карталар, кітапшалар, жолнұсқасы жасалды. Соның негізінде жаңа туристік маршруттар құрылды, олардың ішінде Қазақстанның жүз жалпыұлттық киелі жерлері мен кешендері тізіміне кірген нысандарымен жүретін «Туған жер» маршруты бар.

«Басты назар балаларды ұлт тарихы мен мәдениетіне тартуға аударылуда. Өткен жылы 5 мың ақтөбелік оқушылар Астана, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары мен туған өлкелеріндегі қасиетті және киелі жерлерге экскурсиялық саяхат жасап қайтты. Биылғы жылдың басынан бері осындай экскурсиялардың арқасында 2 300 балаға тарихи-мәдени мұралар таныстырылды, жыл соңына дейін тағы 3 900 оқушыға жолдамалар беріледі», - деді өңір басшысы.

Ол тегін жолдамалардың аз қамтылған отбасылардың және оқуда, түрлі интеллектуалдық, спорттық және шығармашылық байқауларда жетістікке жеткен балаларға берілетіндігін нақтылады. Сонымен қатар «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының жергілікті және халықаралық деңгейдегі алаңдарда облыстың туристік әлеуетін ілгерілетудің, сонымен қатар тарихи және мәдени мұра нысандарын сақтау мен дамытудың мықты құралына айналғанын атап өтті.

«Биыл ежелгі қорғандарды одан әрі зерттеу үшін Шалқар және Байғанин аудандарындағы археологиялық қазбалар жалғасады. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастардың «Хан қорығы» туристік фестивалі өтеді», - деді облыс әкімі.

ҚазАқпарат


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама