Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
8 наурызға әзіл тілек

Армысыздар ақ жаулықты аналар! Бармысыздар ақтамақты арулар! Қайдасыздар, қымбатты да сымбатты қыз-қырқындар!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен өкпемізді алып тастап, екі бүйрік, жалғыз жүрегімізбен қызу құттықтаймыз! Әйел – ана, әйел – ару, әйел – апа, әйел – қарындас, әйел – қыз, әйел – аспаз, әйел – қатын, яғни әйел бізге өте жақын, жалт-жұлт еткен алтын адамдар.

Сондықтан: Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, мәнді де сәнді һәм ұзақ ғұмыр тілейміз. Шыққандарыңыз тау, аралағандарыңыз бау, жеңгендеріңіз біз сияқты «жау» болсын! Опа жаққан беттеріңізден әжім көрінбей, помадалы езулеріңіз жиылмасын!

Игі де ізгі тілекпен: Кезінде жүректеріңізді жаулап алып, енді еркіндік аңсап жүрген еркін де еріккен еркектер қауымы.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама