Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ақшаның дауысын әкет

Бір күні екі адам дауласып Жұқаға келеді. Даугер Жұқаға:

— Қазы мырза, мен түсімде ақша санап жатқанымда мына адам сол ақшамның дауысын алып алды. Енді қайтарып бер десем, көнбей жатыр, — дейді.

Жұқа бір қауым ойланып отырып барып, айыпкерге:

— Сен барып бір дорба ақша алып кел, — дейді. Ол бір дорба ақша әкеліп Жұқаға ұстатады. Жұқа екеуін отырғызып қойып теңгені сыңғырлатып отырып санап шығады. Санап болып, даугерге:

— Ақшаның сыңғырын естідің бе? Сен сол дауысты алып кет, — дейді.

Сонан соң айыпкерге:

— Ал енді сен ақшаңды өзің әкет, бұл даудың кесімі осымен аяқталсын, — дейді. Сөйтіп, алғашқы даугер ләм-мим дей алмай өз жолына түседі.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама