Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 минут бұрын)
Абылай Саденов ERG компаниясының Қазақстандағы жұмысын басқаратын болды

Танымал тау-кен металлургия компаниясы Eurasian Resources Group (ERG) басшылығында елеулі өзгеріс жасалды. Компанияның Қазақстандағы жұмыстарын басқаратын CEO қызметіне Абылай Саденов тағайындалды. Бұл шешімді компанияның менеджерлер кеңесі қабылдады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін бұл лауазымды атқарған Серік Шахажановтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Менеджерлер кеңесінің ресми хабарламасында бұл өзгерістер корпоративті басқарудың стандартты процедуралары аясында жүзеге асырылғаны айтылған. Бұл шешімге компанияның «А» санатындағы менеджері Роман Скляр қол қойды.

ERG компаниясының Қазақстандағы рөлі

Eurasian Resources Group – Қазақстан, Африка, Еуропа және Оңтүстік Америка елдерінде жұмыс істейтін ірі тау-кен металлургия компанияларының бірі. Қазақстандағы негізгі активтеріне «Қазхром», ССГПО, «Қазақстан алюминийі», Қазақстан электролиз зауыты және Еуроазиялық энергетикалық корпорациясы кіреді.

Компанияның 40% акциясы Қазақстан үкіметіне тиесілі. Бұған дейін ірі акционерлер қатарында кәсіпкерлер Патох Шодиев пен Александр Машкевич болған еді. Алайда, жақында олардың үлестерін қазақстандық бизнесмен Шахмұрат Мұқанов сатып алды. Бұл мәміле елдегі тау-кен металлургия секторындағы ең көп талқыланған жаңалықтардың бірі болды.

Жаңалықтар

Жарнама