Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Адам және оның дене мүшелері жайлы жұмбақтар

«Жангелдин  ауданының
білім беру бөлімінің
Тоқанай бастауыш мектебі»КММ
4- сынып оқушысы
Сансызбай Алтын Мұхтарқызы

 

1. Саған да, маған да

Жақын туыс - бес адам.

Үш әріптен тұратын,

Оңға оқы, солға оқы,

Өзгермейді еш одан,

Бәрі де өз жұратың,

Айтады кәне: кім атын?   (Ата, ана, апа, аға, іні)

 

2. Даладай

Кімнің кең пейілі?

Данадай,

Кімнің мол мейірі? (Ана)

 

3. Бір таудың екі жағына,

Екі қалқан жабысқан.

Жақын барсаң маңына,

Сезе қояр дыбыстан.  (Екі құлақ)

 

4. Таппайтын тағат,

Тығулы сағат.   (Жүрек)

 

5. Сөз ұққыш-

Қос тұтқыш  (Құлақ)

 

6. Үңгірді жайлаған,

Сүйексіз, тиексіз,

Жылмаңдап сайраған  (Тіл)

 

7. Қос жиек,

Ортасы

Ақ сүйек. (Ерін)

 

8. Өсіп тұратын демде,

 Бұтақ сайын теңге. (Тырнақ)

 

9. Жотада бар,

Кеуіп жатқан,

Жалғыз оқпан. ( Кіндік)

 

10. Қатар жатқан қос ін,

Аң кірмейтін бос ін. (Танау)


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама