Шәкәрім және Алашорда
Ғұлама ақын, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының Алашорда үкіметіне қатысы туралы кейбір жайларды, ең алдымен оның Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановпен арадағы үлкен достық қарым-қатынасына байланыстыра отырып айтқан дұрыс. Өкінішке қарай, кешегі кеңес өкіметі кезінде бұл тақырыпта сөз қозғау мүмкін болмады. Алаш зиялылары артына қалдырған бай әдебирухани құндылықтарды ұлт игілігіне айналдыру тұрмақ, олардың есімдерін атаудың өзі қорқынышты болды. Алайда, дана Абайдың немере інісі, ақындық мектебінің ірі өкілі Шәкәрім Құдайбердіұлын мүмкіндігінше әдеби шығармашылық тұрғыда ақтап алуға тырыстық. Оған кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтың алғаш 1950 жылдары Шәкәрім мұрасына араша түскен жанкешті әрекеті жеткілікті дәлел болады. Ал Шәкәрім Құдайбердіұлының ХIХ ғасырдың соңы XX ғасырдың бірінші ширегіндегі гуманистік, қоғамдық-ағартушылық бағыттағы қызметі туралы мүлде айтылмады. Бұл түсінікті де еді.
Дегенмен, 1980 жылдардың соңына қарай кеңестік қоғамда бел алған демократиялық жаңаруларға байланысты бүрындары тыйым салынып келген Шәкәрім шығармашылығына елдің қайта қызығушылығы артты. Әдеби және ғылыми қауымның сүрауына орай, 1987 жылдың желтоқсанында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Бюросының шешімімен қүрылған Шәкәрім Құдайбердиевтің әдеби мұрасын зерттеу жөніндегі мемлекеттік комиссия алты айдай жұмыс істеп, ұлкен шаруа тындырды. Соның нәтижесінде, 1988 жылы тұңғыш рет республикалық «Жазушы» жөне «Жалын» баспаларынан Шәкәрім шығармалары екі бірдей кітап болып жарық көрді. Алайда аталмыш жоғары билік органы ғұлама ақынның әдеби мүрасыы ел игілігіне жарату жайындағы мемлекеттік комиссиясының ұсыныстарымен келіскенімен, оның Алаш орда үкіметіне қатысын «уақытша жаңылысулар мен қателесулер» немесе «ақын дүниетанымындағьт шектеуліктің көрінісі» деп бағаладьт. Әлі де бұрынғы пікірінен қайта қоймаған Компартияның Шәкәрімді ақтаудағы берген еаяеи бағасьт. міне, осьтндай болдьт. Тек, 1990 жътлдарьт Кеңес Одағы ыдырап, тарайтын тұста құрылып, жұмыс істеген мемлекеттік комиссия ғана Шәкәрім Құдайбердіұлын Алаш қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтармен бірге толықтай ақтап алды.
Ал енді жоғарыда сөз болған Әлихан мен Шәкәрімнің достығына келсек, олардың бір-бірін сырттай болса да танып-білуі сонау 1900 жылдары, дәлірек айтканда, болашақ Алаш ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Ә.Бөкейхановтың қазақ жер пайдалануын зерттеуші Ф.Щербина экспедициясы құрамында ғылыми жұмыстармен айналысып жүрген кезінде басталса керек. Мысалы, ол «Қалқаман — Мамыр» мақаласында («Казақ», 1915, №121): «1900 жылы Шыңғыс елін жазған Иван Филиппович Гусев Шәкәріммен сөйлескен. Маған сонда айтты: «Жұрттың бәрінің ауызға алғаны Абай. Шәкәрімнің білімі де қазақта жоқ екен деді»,- деп еске алады.
Қазақтың данышпан ақыны Абай қайтыс болғаннан кейінгі кезенде Ә.Бөкейхановтың, алғашқыда 1905 жылы «Семипалатинский листок» газетінде, одан соң, 1907 жылы Императорлық орыс географиялық қоғамы Семей бөлімшесінің ғылыми еңбектері кітапшасында Абай Құнанбаевтың тұңғыш ғұмырбаяндық азанамасын жазып жариялауы, 1909 жылы Санкт-Петербургтен алғаш Абай өлеңдерін кітап етіп бастырып шығаруға қамқорлық көрсетіп, қолғабыс тигізуі тәрізді тағы басқа осындай белгілі жайлар, оның Абай балаларымен, жалпы аға сұлтан Құнанбай Өскенбаевтар әулетімен арадағы достық қарым-қатынасын тіпті күшейте түскенін білеміз. Алаш көсемі Ә.Бөкейханов осы «Көкітай» атты мақаласында 1907 жылы II Мемлекеттік Думаға депутат етіп сайлауға Семей облысы қазақтары атынан бес адамның бірі ретінде Шәкәрімнің кандидатурасын ұсынғанын, алайда ол өз жолын Темірғалиға беріп, басқаларға үлгі болғанын айтады (Осы жолы Семей облысы, Сейтен болыстығының болысы, бастауыш білімі бар, діни сауатты Темірғали Нұрекенов II Думаға депутат болътп сайланады). Және де ол аталмыш мақаласында: «…1908 жылы Семейде абақты борышымды күтіп жүргенде, Шәкәрім, Кәкітай, Тұрағұл әдейі қалаға келіп, тағы біраз күн көңіл көтеріп, шат болған едік. Мен абақтыда жатқанымда, олар тағы келіп амандасқан. Бұған өзге қазақ жарамады-ау…» -дейді. Жалпы, Шәкәрім Құдайбердіұлы патшалық Ресейдегі бірінші орыс революциясынан басталатын Алаш ұлт-азаттык козғалысына білек сыбана белсене араласып кетпесе де, оның Ә.Бөкейханов қызметімен тығыз байланысты қоғамдық-саяси окиғалардың бел ортасында жүргені байкалады.
Осы орайда Ә.Бөкейхановтың II Мемлекеттік Думаға депутаттыққа Шәкәрім Құдайбердіұлы кандидатурасын ұсынуына байланысты мынадай екі мәселеге баса назар аудару қажет секілді. Біріншіден, зерттеуші ғалымдар М.Асылбеков пен Э.Сейітовтер өз еңбегіңде 1906 жылы 1 Мемлекеттік Думаға сайлау қарсаңында Ә.Бөкейхановтың басшылығымен Семейде қазақ зиялылары арасында құрылған кадет партиясы бастауыш ұйымының жиналысы болып өткені, оған 160-тан астам адам қатысқаны, жиналыс барысында «Кадет» және «Халық бостандығы» партияларының алдағы сайлауға байланысты уақытша өзара біріккені, қысқасы I Мемлекеттік Думаға Ә.Бөкейхановтың өзі Семей облысынан осы қазақ кадет партиясы атынан ұсынылып, сайланғаны туралы деректерді келтіреді. Ал белгілі алаштанушы ғалым М.Қойгелдиев болса, «Ұлттық саяси элита» кітабында 1906 жылы Ә.Бөкейха-новтың басқаруымен Семейде өткен казақ кадет партиясының жиынында Шәкәрім Құдайбердіұлы да қатысып, сөз сөйлегенін айтады.
Ресей кадет партиясы, жалпы сол кезеңде батыстың демократиялык бағытын ұстанған прогрессивті көзқарастағы күшті саяси ұйым болғанын, ал Алаш ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейхановтың аталмыш кадет партиясына жайдан-жай мүшелікке еніл, қазак зиялылары арасында кадет партиясы бөлімшесін құра салмағанын естен шығармауымыз керек, Мысалы, Ә.Бөкейханов «Виктор Петровия Обнинский» атты макаласында («Қазақ», 1916 ж.) кадет партиясыньщ аты шулы шешені, білгіші В.П.Обнинскийдің жастай қайтыс болғанын айта келіп, «орыстағы барша бұратана жұрттардың саяси адамдарын біріктірген «автономист» партиясының ұйытқысы еді» деп өкініш білдіруі тегін емес. 1917 жылы Ә.Бөкейханов құрған «Алаш» партиясының саяси бағдарламасы сол кездегі Қазақстан қалаларында ресми тіркеліп, үгіт-насихат жүргізген «Кадет», «Халық бостандығы», «Социал-демократтар» секілді партиялардың бағдарламалары негізінде әзірленіп жасалғаны қазір ашық айтылуда. Мәселен, акпан төңкерісі жылдары Семейде «Кадет» партиясының «Дело», ал «Халық бостандығы» партиясының «Халық сөзі» газеттері басылып шығып тұрды. Айтпақшы, «Халық сөзі» басылымының редакторы — ұлты татар, бес сыныптық мұсылмандар училищесінің меңгерушісі, қалалык Думаның мүшесі, ең бастысы Шәкәрім қажы секілді кезінде Толстоймен хат жазысып, пікір алмасушы Семей зиялысы Рахметолла Меңғалиұлы Елкебаев болды. Ұлт санасы оянып, әлеуметтік-саяси белсенділігі күшейген осы тұста әрбір көзі ашық, оқыған азаматтардың қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға бейжай қарап қалмай белсене араласып, қатысуы заңды құбылыс еді. Демек, бұл арада 1907 жылы Ә.Бөкейхановтың «жұртқа көрсетуімен» Ш.Құдайбердіұлы II Мемлекеттік Думаға депутаттыққа кандидат болып аталмыш партияның атынан ұсынылмады емес пе екен? Олай болса, Ә.Бөкейхановтың басшылығымен Семейде құрылған қазақ кадет партиясына ғұлама ақынның да бір қатысы болуы әбден мүмкін ғой…