- 05 нау. 2024 04:17
- 352
Адамның дене мүшелері
Сабақтың тақырыбы: Адамның дене мүшелері
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады: Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атайды, ажыратады, көрсетеді, қоршаған әлем құбылыстарын атайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атайды, ажыратады, сәйкестендіреді, көрсетеді, қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізеді.
Кейбір оқушылар орындай алады: Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атайды, ажыратады, түсіндіреді, көрсетеді, сәйкестендіреді, дәлелдейді, қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізеді, зерттейді.
Бағалау критерилері Адам денесінің негізгі мүшелерін атайды.
Адам денесінің негізгі мүшелерінің қызметін сипаттайды.
Тілдік мақсат Адамның дене мүшелері
Бас (көз, мұрын, құлақ, ауыз), мойын, иық, дене, қол, саусақтар, аяқ
Құндылықтарды дарыту Ынтымақтастық
Еңбек және шығармашылық
Құрмет
Адамгершілік
Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы - Дене мүшелерінің сымбатты болуына ықпал ету.
Партада дұрыс отыру;
- Оқу құралдарын қолданудағы қауіпсіздік ережесі
Пәнаралық байланыстар: көркем еңбек, музыка, математика, дене шынықтыру, ағылшын
АКТ қолдану дағдысы: Слайд, бейнеролик
Алдыңғы меңгерілген білім: Адамның дене мүшелерін атайды, біледі.
Сабақтың басы 5 минут
Амандасу
Шаттық шеңбері
Дене мүшелерімен амандасу (көзбен, қол алысып, құлақпен, аяқпен амандасу)
(МК) Оқушыларға жаттығу жасатудың алдында бір стақан суды кішкене мөлшермен ұрттап ішкіземін. Оқушыларға мынадай қимылдарды орындатамын:
1. Оң қолды сол аяққа тигізеді.
2. Сол қолды оң аяққа тигізеді.
3. Қолдың саусақтарын айқастырады.
4. Аяқтарын айқастырады.
5. Көзбен шеңбер сызады.
Оқушылар орындарына отырады.
- Жарайсыңдар! Өте жақсы көрсеттіңдер.
Жаттығу жасаған кезде біз:
- көзімізбен көрдік
- құлағымызбен естідік
- қолдарымызды, аяқтарымызды қимылдаттық.
- Бүгін біз сабақта адамның дене мүшелерімен және олардың қызметімен танысамыз.
(Ұ) «Сиқырлы қапшық»
Қапшыққа салынған саны бірдей қызыл, сары, жасыл шариктер таңдап алуды ұсынамын.
Осы түстер бойынша оқушыларды 3 топқа бөлемін:
1 - топ: «Мергендер» (қызыл түсті)
2 - топ: « Ептілер» (сары түсті)
3 - топ: « Жүйріктер» (жасыл түсті)
Сабақ ортасы
Оқулықпен жұмыс.
(Ұ) «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын.
- Неше қолың бар? (Екі қолым бар)
- Неше аяғың бар? (Екі аяғым бар)
- Мұрын не үшін керек? (Мұрын тыныс алу үшін керек)
- Саусақтарың нешеу? (Он саусағым бар)
- Башпайларың нешеу? (Он башпайым бар)
- Қол не үшін керек? (Қол заттарды ұстау үшін, жұмыс жасау үшін керек)
- Аяқ не үшін керек? (Аяқ жүру үшін керек)
(МК. Ұ)
Интерактивті тақтадан адам сұлбасын көрсетемін. Оқушылар адамның дене мүшелерін атап шығады.
Батыс Қазақстан облысы,
Зеленов ауданы, Жаңатаң ауылы,
Жаңатаң жалпы білім беретін бастауыш мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Какимова Назерке Жуматовна
Адамның дене мүшелері. жүктеу