- 08 қаң. 2024 00:00
- 281
Ағыбай мен Құнанбай (ІІ нұсқа)
Ағыбайдың бейіті қазіргі Жезқазған облысы, Ақадыр ауданында. 1861 жылғы жазда, Баянауыл ауылында Ақ келін көлінің жағасында отырған Шорманның Мұсасы деген заседательдің үйіне Ағыбай батыр келеді. Ол үйде Құнанбай Өскенбаев деген Қарқаралы дуанының аға сұлтаны екен. Құнанбай Ағыбайды бұрын көрмеген екен, тек атын ғана естіген. Қарапайым киінген Ағыбайды көріп, Мұса Шорманұлына:
— Мына батырың кім? — депті. Сонда Мұса мырза:
— Бұл кісі өзіміздің ағай, кім екенін өзі айтар, — дейді. Сонда Ағыбай өткір көзін Құнанбайға қадап:
— Тоқырайып отырып,
Түсті ме көзің тотыға?
Тонды кісі сорлы ма?
Жөнін тауып сөйлесең,
Кім көнбейді жолдыға.
Тәңірім калап, жарқыным,
Басыңа бакыт қонды ма?
Басыңа бақыт қонған соң,
Тәкәппарлык ішіңе толды ма?
Алым еді ғазәзіл, Тәкәппарлық қылам деп, Акыры оның оңды ма? — депті. Мұны естіген Құнанбай орнынан ұшып тұрып, Ағыбай батырға:
— Ассалаумағалейкум, қолыңды бер, ағажан,
Бір сөзіңіз бір сөзбен асып кетті шамадан.
Әсер етті сөзіңіз кетпестей қолым жағадан,
Қолыңды бер, өтініш, лаж жоқ басқа тобадан, —
деп Ағыбайдың қолын алып, кешірім сұраған.
Оқуға кеңес береміз:
Наурызбайдың жолбарысты өлтіруі
Құрманқұлдың Наурызбайдың ерлігіне риза болуы