Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Дуанбасы Ыбырай мен Ағыбай батыр

Ақмоланың дуанбасы Ыбырай төренің үйінде Сүйіндік елінің басты адамдары түстеніп отырады. Даладан үйге бір бала үрейлене жүгіріп келіп:

— Ата, үсті қып-қызыл жүн, мойнында салпылдаған темір- лері, найзасы бар, түйедей бір үлкен кісі түсіп жатыр, — дейді.

Үйдегілер оны диуана болар деп жорамалдағанша, әлгі үлкен адам алшаң басып үйге кіріп келеді. Бұл үстінде тай жағасы бар, сыртына сауыт-сайманнын асынған шұбыртпалы Ағыбай батыр екен.

Үйдегілер жабырлай ұшып түре келіп қолын алып, Ағыбайға орын беріседі. Ал дуанбасы Ыбырай оны танымағансып:

— Уа, қонақтар, мына тондың кім еді, сонша абыржыдыңдар? — дейді.

Ағыбай батыр сонда Ыбырайға төне қарап, бір тізерлеп отыра қалыпты. Қанжарын суырып алып:

— Үйге келген тонды ма,
Тонды кесір болды ма?
Бұқараны қор тұтқан,
Өзін-өзі зор тұтқан
Төре тұқымы оңды ма?!

Осы қылығың үшін сенің қазір бүйіріңді тесіп, бүйрегіңді алсам ба екен, басыңды кесіп, табаныма салсам ба екен? — деп тұра ұмтылады. Дуанбасы Ыбырай сасқанынан жылап жібереді. Үйдегілер батырға жалынып, әзер арашалайды.

Ыбырай айыбы үшін осы жолы Ағыбайға тұлпар ат беріп, үстіне қамқа тон жауып, зорға құтылады.

Оқуға кеңес береміз:

Наурызбайдың қарындасы

Наурызбайдың жолбарысты өлтіруі

Құрманқұлдың Наурызбайдың ерлігіне риза болуы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама