Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 43 минут бұрын)
Әкесін азаптап өлтірген Алмас Садақбаев ісі: Апелляциялық сот жазаны күшейтті

Атышулы Алмас Садақбаевтің әкесін азаптап өлтірген ісі бойынша апелляциялық соттың шешімі шықты. Бұған дейін 5 жылға сотталған шардаралық азаматтың жазасы күшейтілді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот үкімі өзгерді

Жетісай аудандық сотында өткен сот отырысында Алмас Садақбаевке қатысты үкім өзгертілді. Бұған дейін 5 жылға бас бостандығынан айырылған 41 жастағы ер адамның жазасы 7 жылға дейін ұзартылды. Сот алқасы бұрынғы жазаны жеңіл деп танып, қылмыстың ауырлығын және әкесін жиі азаптағанын ескере отырып, мерзімге қосымша екі жыл қосқан.

Оқиғаның мән-жайы

Бұл оқиға қыркүйек айында елді дүрліктірген болатын. Әлеуметтік желіде тараған жантүршігерлік видеода жүруге шамасы келмейтін қарияны өз ұлының азаптап жатқаны көрінген еді. Кейіннен белгілі болғандай, 70 жастағы ақсақал видео тарағаннан кейін көп ұзамай қайтыс болды. Қатігездік танытқан ұлы сол кезде қамауға алынған болатын.

Жаңалықтар

Жарнама