Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ала қойлар

Арыстан бүкіл аң баласына патша болып тұрған кезде, әділ билік жүргізіп, елдің құрметіне бөленуді ойлапты әрі солай да істепті. Бір күні арыстан бір төбеге шығып отырып, жайылып жүрген көп ала қойды көріп көңілі бұзылыпты. Сонымен аю мен түлкіні шақырып ала қойларды қалай бір жайлы етуді ақылдасыпты. Сонда аю тұрып:

— Тақсыр, қойды кім адам қатарына алады, олардың көзін құртып қана тастаған жөн, — дейді төтесінен. Мұны естіген арыстан қабағын түйіп:

— Өлтіру оңай, өз жұртымды өзім қырсам, жалмауыз патша атанып, жаман атқа қаламын ғой, — дейді.

Сонда түлкі:

— Тақсыр, айтқаныңыз жөн, жаман атқа қалмаңыз, менше, осы қойларға бір сайды беріңіз де, жақсы бір қойшы қойыңыз, — дейді. Арыстан аз ойланып:

— Сенше кім жақсы бағады, — дейді.

Түлкі:

— Қасқырға жететін қойшы жоқ, — дейді жымия.

Сонымен арыстан қасқырға табанда қойларды жақсы бағу туралы бұйрық түсіреді. Ала қойлар да аз уақытта арыстанның көзінен ғайып
болады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама