Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Түлкінің жақсылығы

Бір мерген бір құсты атып алыпты. Оның үш балапаны ұясында жетім қалыпты. Олардың шырылдаған дауысын естіген түлкі ағаш түбіне келіпті де, жаны ашыған бейнеде:

— Ей, сорлы жетімдер-ай, сендер қайтып күн көрер екенсіңдер, — деп бір тұрыпты да, онан соң басқа аң-құстарды оларға жем тастауға шақырыпты. Көкекті мамық жүнін беруге, бозторғайға тамақ іздеуге, сары мойынды олардың қасында болуға, қарлығашты маса, шыбын әкелуге, сандуғашты ән шырқап олардың көңілін көтеруге бұйырыпты. Түлкінің бұл жақсы көңіліне аң-құстың бәрінің көңілі босапты. Сөйтіп
тұрғанда аштыққа шыдамаған үш балапан ағаш басынан жерге қона қалыпты. Сонда жетімдерді аяп сауаптық іс істегелі тұрған әлгі түлкі үш балапанды лып еткізіп қылғи салыпты да, зытып беріпті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама