Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Алма ертегісі
Топ: І сәбилер тобы
Білім беру салалары: «Коммуникация»
Бөлімдері: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Алма» ертегісі.
Мақсаты: Түрлі педагогикалық технологияларды қолдану арқылы «Алма» ертегісін түсіндіру.
Міндеттері: Балаларды мейірімділікке тәрбиелеу.
Ертегі желісі арқылы балалар өз көзқарастарын білдіруге, әңгімелесуге баулу. Эмоцияларын білуге үйрету. Сахналауда кейіпкерлерді дұрыс қолдануды үйрету.
Көрнекіліктер: Тақырыпқа сай суреттер, алма ағашы, қарға, аю, қоян, кірпі, үстел - үсті театры. Кубик, интербелсенді тақта.
Билингвальды компоненті: алма - яблоко, аю - медведь, қарға - варон, қоян - заяц, кірпі - ежик, ағаш - дерево.
Әдіс - тәсілдері: Ойын, трек - сызба, сәйкестендіру. Сергіту сәтін музыкалық терапия арқылы өткізу.

Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбер
Сәлем, сәлем, басым,
Сәлем, сәлем, көзім,
Сәлем, сәлем, бетім,
Сәлем, сәлем, тісім,
Сәлем, сәлем, балалар,
Сәлем, сәлем, апайлар!

Іздену ұйымдастырушы
- Балалар, біз ертегілер еліне саяхатты жалғастырамыз.
- Біз бірнеше ертегілерде қонақта болдық.
- Бүгін де біз сендермен ертегіге қонаққа барайық. Ал,
қай ертегі екенін мынау сыйқырлы қорапша арқылы білеміз.

Ғажайып сәт:
- Балалар, қараңдаршы, мына әдемі қорапты, ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?
(ашылмайды)
- Ой! Балалар, мына қорап ашылмай жатыр!
- Бұл не болғаны?
(Хат жатады)
- Қораптың үстінде хат жатады. Хаттың сыртында: «Осы жұмбақты шешсеңдер ғана қорап ашылады»,- екен.
Олай болса, балалар, жұмбақты шешеміз бе?
Жұмбақ:
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.

Жарайсыңдар, балалар!
Сендер жұмбақтың шешімін таба білдіңдер. Олай болса, балалар, ертегіміздің аты қандай екен, қалай ойлайсыздар?
Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі ертегіміздің аты -
«Алма»ертегісі.

«Алма» ертегісін тірек-сызба арқылы көрсету

Балаларға ертегі желісі бойынша сұрақтар қою

- Алма қандай ағашта өседі?
- Алмаға нелер таласады?
- Аю алманы қалай бөліңдер деді?
Бәрекелді! Енді, балалар,
үстел үсті театры арқылы кім маған сахналап береді?

Билингвальды компоненті:
алма - яблоко, аю - медведь, қарға - варон, қоян - заяц, кірпі - ежик.

Сергіту сәті.
Музыкамен орындайды.
Дидактикалық ойын:
«Төлдерін ата»
Мақсаты: Жануарлардың төлдерін таба білу.
Жүргізілу барысы:
Балалар кезегімен интербелсенді тақтаға шығып, төлдерін жануарлармен сызық арқылы сәйкестендіру керек.

«Қарлығаш» бөбектер бақшасы
Тәрбиеші: Нургалиева Жанар Ақылбековна
Алма ертегісі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама