- 05 нау. 2024 04:15
- 272
Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы. Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы. (2 сағат)
Сабақ тақырыбы: Неліктен Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығы Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет деп саналады.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау.
Сабақтың басы
Б Тақтада Қазақ хандығы туралы сурет немесе слайд көрсетіңіз.
М Оқушыларға Қазақ мемлекеті қашан, қай жерде, қалай құрылды т. б. сұрақтар қойып саусақ ұшы білімін нақтылаңыз.
Ж Керей мен Жәнібектің бөлініп шығуы туралы мағлұмат беру үшін М Дулатидің «Тарихи - Рашиди» еңбегінен үзінді беріңіз. Оқушылар мәтінді оқып, мына сұрақтарға жауап береді:
• Бұл қандай дерек түріне жатады?
• «Бұл дерек бізге қандай мағлұмат береді?».
• «Деректен қандай қорытынды шығаруға болады?»
Сабақтың ортасы
Зерттеу және талдау
Т/Ж Керей мен Жәнібек хандар туралы бейнематериал немесе мәтінді ұсына отырып, Қазақ хандығының құрылуына әсер еткен факторларды анықтауға және оған дәйектер келтіруге тапсырма беріңіз.
Ж\Д Қазақ хандығының құрылуына әсер еткен себептерге маңыздылық тізбегін құруға тапсырма беріңіз.
• Мемлекеттің құрылуына әсер ететін факторлар:
• Географиялық фактор
• Діни фактор
• Демографиялық фактор
• Экономикалық фактор
• Сыртқы фактор
• Әлеуметтік - саяси факторлар
Қазақ хандығы құрылуының себептері:
1. Керей мен Жәнібек сұлтандардың Қазақ хандығын құруға ұмтылуы
2. Халық бұқарасының Әбілқайыр ханға наразылығының күшеюі
3. Алым - салықтың көбеюі
4. Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңіліп қалуы
5. Қазақ халқының құрылуы және оның жүздерінің айқындалуы
6. Әлеуметтік қатынастардың нығаюы
Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы. Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығы. жүктеу