Алматыда Француз елшілігінің қолдауымен VR фестиваль өтті
Алматыда Француз елшілігінің қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің қатысуымен VR фестиваль өтті. Вернисаж форматындағы көрмеге бірнеше туындылар қойылды.
10 күн бойы Смарт пойнтта өткен шарада әл-Фараби ат.ҚазҰУ іріктеуден өткен 7 студенті медиатор болып жұмыс істеді. Оларды виртуалды шынайылық технологиясы қызықтырғаны байқалады. Биылғы виртуалды фильмдердің тақырыбы – мигранттарға арналды. «Meet Mortazza» атты еңбектің кейіпкері, ауған азаматы - Мұртаза. Ол талибандардан қашып, туған елін тастап, Түркия, Грекия, Италия елдері арқылы Францияға жеткен. Ауған босқынының басынан өткен ауыр күндері иммерсивті әдіспен жақсы баяндалып, ерекше сипатқа ие болған. Көрермен босқынның басынан өткерген тауқыметіне бірге толғанады.
Ольга Заболотная: «Журналистік зерттеулер үшін «Босқындар» тақырыбы - таптырмас құрал әрі визуалды сезімге баурайды».
Сондай-ақ, 28 қазан мен 6 қараша аралығында Алматы қаласындағы Smart Point орталығында Алматы Француз Альянсы, Ресей Француз институты, Less Media Group агенттігі және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетімен серіктестікте «Цифрлы күз: Сезімдер» атты виртуалды шынайылық фестивалін ұйымдастырды. Журналистер мен цифрлы мәдениет саласының мамандарына арналған ашылу салтанаты Францияның Алматыдағы Бас консулы және Францияның Қазақстандағы Елшілігінің Ынтымақтастық және мәдени бөлім өкілдерінің қатысуымен өтті.
Айта кету керек, Өзбекстан мен Ресейде өтетін фестиваль француз қатысушыларының бастамасымен 9 әсерлі туынды ұсынылды. Бұл жерде Tribeca және Venice VR сияқты беделді фестивальдерді ерекше атауға болады.
«Таңдалған әрбір иммерсивті жоба ерекше эмоционалды әсер, сезім, ақыл-ой тудыратын оқиғаны баяндайды. Қуаныш пен күлкі, қайғы мен көз жас, татулық пен бірлік сияқты сезімдер әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ, ең бастысы - біздің осы сезімдеріміз арқылы қоршаған әлемді сезінуіміз және жанашырлық танытуымыз», - деп түсіндірді Less Media тобының негізін қалаушы және фестивальдің бірлескен ұйымдастырушысы - Алина Михалева.
Шығармаларды іріктеуде эмпатия және адамда өзгелерден ерекшелейтін қасиеті басшылыққа алынды. Фестивальде француз режиссері - Селин Трикардың танымал «The Key» туындысы ұсынылды. Оның жұмысы Нью-Йорктегі «Tribeca Film Festival» кинофестиваліндегі ең жақсы интерактивті баяндау болды. Ол 2019 жылы Венеция кинофестиваліндегі ең жақсы виртуалды шынайылық туындысы ретінде марапатталды. Бұл ерекше туынды көрерменнің күрделі таңдауымен естелікке айналып, оның түрлі жерлерге саяхаттауына жол ашады.
Dans la peau de Thomas Pesquet-де атақты француз астронавтымен бірге оның ғарыштағы бас айналдырарлық тәжірибесін бастан кешеміз. «Notes on Blindness-те» көру қабілетін жоғалтқан адамның сенсорлық сезімін басқаша ракурста таныта алған. Уолтер Сисулудың тарихи туындасында теңдесі жоқ архивтік аудиожазбалар көмегімен көрермен өзін Оңтүстік Африканың тәуелсіздігі үшін күрескер ретінде сезіне алады.
Жұмыстар мен тизерлердің тізімі:
- The Key (Ирак, АҚШ), 15’
- Notes on Blindness, Into Darkness, Франция, Ұлыбритания, 20’
- Gloomy Eyes, (Аргентина, Франция), 33’
- Meet Mortaza (Бельгия, Франция), 13’
- *Dans la peau de Thomas Pesquet, (Франция), 30’
- *Planet, Франция, 7’
- Accused #2 : Walter Sisulu, (Франция, Оңтүстік Африка) 16’
- *L’ïle des morts, Франция, 8’
- Lifeline, Франция, 7’
Аталмыш туындылар ForumVR метаверс платформасына орналастырылды. AppStore және Google Play-де қосымшаларды жүктеу қолжетімді.
Студенттер шараның басталуына екі апта қалғанда бірнеше күн дайындық курсынан өтті.
Жұлдыз Жаменкина, Медиакоммуникация мамандығының 2 курс студенті
Жетекшісі: аға оқытушы, куратор Н.Б. Рушанова