Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 51 минут бұрын)
Алматы облысында 34 жастағы Жандос Манеев ауыл әкімі болып сайланды

Алматы облысындағы Қонаев қаласының Шенгелді ауылдық округінде жаңа әкім сайланды. Дауыс беру қорытындысы бойынша 34 жастағы Жандос Манеев жеңімпаз атанды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сайлау нәтижелері

Қонаев қаласы әкімдігінің мәліметінше, Жандос Манеевке 2 523 адам дауыс берген. Екінші кандидат Ертай Құрманалиев 402 дауыс, Қанат Азаматов 380 дауыс жинады. Ал 188 сайлаушы барлық кандидатқа қарсы дауыс берген.

Ауылдық округте барлығы 5 371 сайлаушы тіркелген. Дауыс беруге 3 602 адам қатысты.

Жандос Манеевтің өмірбаяны

Жандос Манеев 1992 жылы туған. Ол «Қаржы» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша жоғары білім алған. 2015 жылы Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетін, 2018 жылы Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университетін бітірген.

Еңбек жолын жеке секторда, «АЛАТРАК» ЖШС-де логистика маманы болып бастаған. Кейіннен компанияда басшылық қызметтер атқарды. Түрлі жылдары «АЖК» АҚ ішкі қауіпсіздік бөлімінің бас маманы, сондай-ақ AKS Service ЖШС коммерциялық директоры болып жұмыс істеді.

Әкім болып сайланғанға дейін «Қонаев тұрғын үй» ЖШС директоры және Шенгелді ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Жаңалықтар

Жарнама