Tengrinews.kz / Турар Казангапов
- 18 мам. 2026 10:30
- 22
Алматыда әлеуметтік нан бағасы 2027 жылға дейін бекітілді
Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру жұмыстары жалғасуда. Соңғы рет әлеуметтік нанның бағасы 2027 жылға дейін бекітілді. Бұл туралы қала әкімдігінің мәліметіне сүйеніп, Infohub.kz хабарлайды.
«Алматы» ӘКК мен «АЛМАТЫНАН» нан-тоқаш комбинаты арасында әлеуметтік, сұрыпталған нан өндіру және сату туралы келісімшарт жасалды. Келісім бойынша, бір бөлке нанның бағасы 130 теңге болады. Сауда үстемесі 15 пайыздан аспайды. Бұл шаралар 2027 жылдың мамыр айына дейін қолданыста болады.
Әлеуметтік нан қалай сатылады?
Келісім шарттарына сәйкес, кәсіпорын бірінші сортты ұннан 3 846 154 бөлке бидай нанын шығарады. Кейбір дүкендер мен сауда желілері бұл өнімді қосымша бағасыз сата алады. Әлеуметтік нан ірі сауда орындары мен үй маңындағы дүкендерге жеткізіледі.
Бағасы тұрақтандырылған басқа да өнімдер
Қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын ұстап тұру бағдарламасы жалғасып жатыр. «Алматы» ӘКК бұл үшін өңірлік тұрақтандыру қорын, өндірушілерге жеңілдікпен қаржыландыруды және форвардтық келісімшарттарды пайдаланады.
Құс фабрикасымен бірінші санаттағы 86,4 миллион жұмыртқаны әр данасы 59 теңгеден аспайтын бағамен жеткізу туралі келісім жасалды. Бұл өнім қаладағы ірі сауда желілерінде қолжетімді.
Сондай-ақ, тауық еті өндірушілерімен келісімдер бар. Бедре мен аяқтары бір килограмы 1100 теңгеден, голень – 1650 теңгеден сатылады. Бұл тауарларға баға шектеулері үш жылға дейін сақталады.
Қант бағасы қандай?
«Алматы» ӘКК отандық өндірушілерден 4500 тонна құмшекер сатып алды. Өнім ірі сауда желілері және басқа да дүкендер арқылы сатылады. Қанттың сатылым бағасы 1 килограмына 405 теңге болып белгіленді. Сауда үстемесі 10 пайызбен шектелген. Бағаны тұрақтандыру шаралары 2026 жылдың қараша айына дейін жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың қыркүйек айында Алматыда әлеуметтік нан бағасы 80 теңгеден 120 теңгеге дейін қымбаттағаны хабарланған болатын.