Photo: Валерій Волинський (https://www.pexels.com/@2158518894) / Pexels
- 18 мам. 2026 10:00
- 25
"Туған сіңлімдей жақын еді": Гүлзира Айдарбекованың жақынынан айрылғаны туралы жазбасы жұртты бейжай қалдырмады
Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова кәсіпкер әрі блогер Сәуле Базарханның өмірден озғанына байланысты тебіреністі жазба жариялады. Ол марқұмды «туған сіңлісі мен құрбысы» деп атап, қайғысын жасыра алмады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жүрекке ауыр тиген хабар
Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, соңғы күндері ол Сәулемен бірге түскен сәттерін жиі бөлісіп отырған. Продюсер қуанышты да, қайғылы сәттерді де жасырмай, жақындарымен бірге өткізгенін айтты. Алайда, бұл жолғы жазбасы оның жүрегіне қатты тигенін жеткізді.
«Екі түн бойы мүлдем ұйықтай алмадым. «Гүлеке» деп ыржиып кіріп келетіндей, қоңырау шалатындай болып елестеп тұрды», – деп жазды ол.
Шымкентке жоспарланған демалыс
Айдарбекова марқұммен бірге Ташкентке концертке барып, одан әрі бірге демалуды жоспарлағанын айтты. Келісім бойынша Шымкентке демалыс ұйымдастырып, ертерек ұшып кеткен екен. Алайда, ұшақ қонғаннан кейін көптеген қоңырау шалынғанын және суық хабарды естігенін жеткізді.
«Жаным тыныш таппай, қонақтарымды тастап, қайта ұшып кеттім. Ең болмаса жер қойнына Сәулешімді жерлемей тұрып, көзіммен көргім келді», – деп жазды продюсер.
Жаназаға қатыса алмағанына өкінді
Кешкісін марқұмның бауырлары мен жақын құрбылары жиналып, бәрі көз жасына ерік берген. Гүлзира Айдарбекованың Ташкентте концерті болғандықтан, қайта ұшуға мәжбүр болғанын айтты. Ол Жұлдыз, Заңғар мен Индираға жаназа мен құранға қатысуды тапсырып, өзі амалсыз кеткенін жеткізді.
«Үйіне бардым, кірдім көрдім, моп-момақан болып ұйықтап жатыр, өзі де өте сабырлы еді. Кешкі қонақ асына бауырлары, құрбыларым жиналып күтіп отыр екен, жылау да жылау болып түнде үйімізге тарадық. Бүгін Ташкентте концертіміз, Жұлдыз, Заңғар, Индираға сендер жаназасына, құранға барыңдар, Сәуле туған сіңлімдей жақын екенін білесіңдер деп, өзім амалсыз қайта ұшып кеттім. Келгендердің бәрі, ерлер де, әйелдер де егіліп жылап, тіптен сөйлей алмай қимастықтарын білдірді», – деді Гүлзира Айдарбекова.