Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
- 29 сәу. 2026 14:01
- 22
Алматыдағы Сәтпаев көшесі жаяу жүргіншілерге қолайлы болады: Жоба эскиздері жарияланды
Алматы қаласында 13 маңызды көше жаңартылып, жаяу жүргіншілерге басымдық беріледі. Жобалардың эскиздері жарияланып, жұмыстардың сәуір және маусым айларында басталатыны хабарланды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қандай көшелер жаңарады
Алматы қаласының қоғамдық кеңістікті дамыту басқармасының мәліметінше, жұмыстар 13 көшеге қатысты болады. Құрылыс-монтаж жұмыстары сәуір және маусым айларында басталады.
Сәуір айында келесі көшелерді жаңарту жұмыстары басталды:
Маусым айында келесі көшелерде жұмыстар жоспарлануда:
Басқарма бұл жобалардың барлығы жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатынын нақтылады.
«Барлық жұмыстар тұрғындар мен көше пайдаланушылары үшін уақытша қолайсыздықты барынша азайтуды ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, негізгі учаскелердің қолжетімділігін сақтай отырып ұйымдастырылады», - деп хабарлады басқарма.
Жөндеу жұмыстарының нақты мерзімі әзірге белгісіз.
Көшелерде қандай өзгерістер болады
Басқарма жобалардың «фасадтан фасадқа» қағидаты бойынша жүзеге асырылатынын түсіндірді.
«Жобалар қала инфрақұрылымын толық жаңартуға, жайлы және қауіпсіз ортаны қалыптастыруға бағытталған», - делінген ресми жауапта.
Жоспарланған негізгі өзгерістер:
«Бұдан басқа, жобалар шағын сәулет нысандары мен көше жиһаздарын (орындықтар, урналар, қалқалар, беседкалар) орнатуды, көше бойында қоғамдық кеңістіктерді ұйымдастыруды, навигация және абаттандыру элементтерін енгізуді, сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді», - делінген жауапта.
«Жаяу жүргіншілерге басымдық»: Сәтпаев көшесінде не өзгереді
Бұған дейін басқарма Сәтпаев көшесінде абаттандыру жұмыстарының басталғаны туралы хабарлаған болатын. 3,7 шақырымдық учаске – Луганский көшесінен Байзақов көшесіне дейін – LDA Design (Лондон) компаниясының жобасы бойынша қайта жаңартылады. Абаттандырудың жалпы ауданы 4,5 гектарды құрайды.
Басқарманың нақтылауынша, жобаның басты мақсаты – транзиттік магистральды демалыс және серуендеу кеңістігіне айналдыру.
«Қаланың жайлы және қауіпсіз ортасын құруға ерекше назар аударылады, мұнда жаяу жүргіншілерге басымдық беріледі. Кеңістік тұрғындардың күнделікті серуендеуіне, демалуына және өзара әрекеттесуіне бейімделіп, ыңғайлы, инклюзивті және эстетикалық жағынан тартымды ортаны қамтамасыз етеді», - деп хабарланған болатын баспасөз қызметінен.
Басқарма жаңартылған көшенің Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды орынға айналып, қаланың инвестициялық және туристік тартымдылығын арттыратынын күтеді.
Сәтпаев көшесінде қандай жұмыстар жүргізілуде
Tengrinews.kz тілшілері Сәтпаев көшесінің 3,7 шақырымдық учаскесіндегі жұмыстардың қалай жүріп жатқанын тексеріп көрді.
Сәтпаев және Луганский көшелерінің қиылысынан белсенді құрылыс жұмыстарын байқамадық.
Жөндеу жұмыстарының алғашқы белгілері Сәтпаев және Назарбаев даңғылы қиылысында, Республика алаңы маңында және Тәуелсіздік монументінің қарсысында байқалады. Онда мердігерлер биік қоршаулар мен баннерлер орнатқан.
Қоршаудың ішінде және қасында арнайы техника жұмыс істеуде.
Қайта жаңартудан кейін Республика алаңы келесідей көрінуі тиіс:
Әрі қарай қозғалғанда, Сәтпаев және Наурызбай батыр көшелерінің қиылысындағы аялдамалардың бірінің жанында жұмыстарды байқадық. Онда жұмысшылар асфальт төсемін бұзып жатыр.
Алаң маңындағы белсенділікке қарамастан, көшенің қалған учаскелерінде – Байзақов көшесімен қиылысына дейін – 23 сәуірдегі жағдай бойынша біздің тілшілеріміз құрылыс жұмыстарын тіркемеді.
Сәтпаев көшесін абаттандыру жобасының заманауи, жасыл және жаяу жүргіншілерге ыңғайлы қалалық ортаны құруға бағытталғаны күтілуде. Жұмыстар Республика алаңынан бастап кезең-кезеңімен басталады. Бұл ретте жобаны толық аяқтаудың нақты мерзімдері әзірге нақтыланбайды. Біз Алматы көшелерін жаңғырту жұмыстарын бақылауды жалғастырамыз.