- 13 ақп. 2020 00:00
- 235
Алуаның бағасы
Қожанасыр бір баланы ертіп тәтті сататын дүкенге келеді. Алуаны алып балаға беріпті де, үйге апара бер, — дейді де, өзі дүкендегі басқа тауарларды қарай бастайды. Бала дүкеннен әбден ұзаған кезде барып Қожанасыр сатушыдан:
— Біреу сенен алуа алып, бірақ оның қалтасында ақша болмай қалса, не істер едің? — дейді.
— Жағынан шапалақпен тартып жіберер едім, — дейді сатушы, сосын қуып шығар едім.
— Онда мені аямай шапалақпен тартып жібер, — депті Қожанасыр.
Дүкенші шапалақпен тартып жіберіпті де, қуып шығуға бет алғанда, Қожекең:
— Егер сен алуаны осы бағамен беретін болсаң, онда мен алуадан тағы да алайыншы! — деген екен.