Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 48 минут бұрын)
Америкалық бокс чемпионы қазақтардың мықтылығының сырын ашты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров АҚШ-тағы жаттығу кезінде жеңіл салмақта IBF Inter-Continental чемпионы Кишон Дэвиспен спарринг өткізді. Жаттығудан кейін америкалық спортшы қазақтардың мықтылығы туралы қызықты пікір білдірген.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Спаррингтен кейін екі боксшы жақсы тіл табысып, еркін әңгімелескен. Сол кезде Дэвис қазақстандық спортшылардың мықтылығына таңғалысын білдіріп, оның себебін атап өткен.

«Қазақтар жылқының етін жейді, сондықтан да мықты»

«Спаррингтен соң достасып кеттік. Ол маған «Қазақтар жылқының етін жейді, сондықтан да мықты» деп айтты», – деп бөлісті Жанқош Тұраров әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров (29-0, 20 KO) кәсіби мансабында әлі жеңіліс көрген жоқ. Оның соңғы жекпе-жегі 2023 жылдың қыркүйек айында Алматыда өткен болатын. Сол кезде ол филиппиндік Али Канеганы төрешілер шешімімен жеңіп, 29-шы рет жеңіске жетті.

Қазіргі таңда қазақстандық боксшы АҚШ-та жаттығуын жалғастырып, келесі айқасына дайындалуда. Оның келесі қарсыласы мен жекпе-жек өтетін уақыты әлі белгісіз.

Жаңалықтар

Жарнама