Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Анама арнап ән саламын!
Анама арнап ән саламын!
- Балалар сахнадан шығады, қолдарында гүл шоқтары болады, ән орындалады.
- Ән «Қартаймашы анашым»

Жүргізуші: Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің берекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
- Құрметті аналар, ақ - жаулықты әжелер, ұжымдастар, әпкелер, Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтай отырып, бүгінгі сіздердің көз қуаныштарыңыз, бөбектеріңіздің сіздерге арнаған ертеңгілігін шын жүрекпен тамашалаңыздар.
-«Армысың ару ана, абзал ана,
Анаға тең келетін бар ма дана?!» - дей отыра, балаларыңыздың сіздерге арнап жаттаған өлең жолдарын қабыл алыңыздар.
Үміт – Әлпештеген анамыз,
Біз бақытты баламыз.
Оқып білім аламыз,
Жұлдыз болып жанамыз.
Сыйлайыншы гүлімді,
Теріп алған даладан.
Мейрамыңыз бүгінгі,
Құтты болсын анажан!

Әли – Мәпелеп мені өсірген,
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.

Айдана – Ана деген адамзаттың данасы,
Ана деген сәбилердің панасы.
Ана деген жарық жұлдыз шырағың.
Ана деген қайнар ыстық бұлағың.

Нұрхан – Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім,
Қартаймашы анашым.

Айнара – Айналайын анашым,
Көкте күн боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп,
Құшағыңа аласың.
Сыйлаған маған өмірді,
Анашым менің аялы.
Жүрегі жұмсақ көңілі,
Күн шуақты саялы.

Жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай
- Ішке қолында көп шарлары бар сайқымазақ кіреді. Көңіл күйі көтеріңкі балаларға қолындағы шарын көрсетіп мақтанады. Кенет шарлары бір - бірден жарыла бастайды.
- Сайқымазақтың көңіл - күйі түсіп отырып жылайды.
Сайқымазақ:
- Саламатсыңдар ма, балалар! Мен сайқымызықпын.
- Бұл шарларды мен анама берейін деп алып едім енді не істеймін, шарларды қайдан аламын, сатып алатын ақшамда жоқ, аааа мен міне ілініп тұрған әдемі шарларды аламын.
Жүргізуші: Жооқ жоқ, бұл шарларды саған алуға болмайды, бұл шарлар біздің аналар мерекелерінің сәнін келтіріп тұр ғой. Сен одан да мына менің балаларыма қарашы, бәрі бүгін әдемі, мереке тойлап жатыр. Мұңайма, кел сенде қосыл. Мүмкін саған көмегіміз тиіп қалар.
Ән: «Құттықтаймын мама!»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Біздер сайқымазаққа қалай көмектессек болар екен а? Деп ойланады. Мүмкін аналарымызға арналған өлең жолдарын айтып берейік, мүмкін көңіл - күйі көтерілер.
Ойын: «Кім тапқыр?» (ата - анамен ойын)
Кәусәр – Сыйлаймын мен әнімді,
Сізге арнап жаттаған.
Мейрамыңыз бүгінгі,
Құтты болсын, ақ анам!

Павел – Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
Фатима – Құтты болсын ардақты анам,
Асыл анам мерекең.
Құтты болсын теңдік алған,
Қуанышты мерекең!
Жүргізуші: Қар – мұз еріп,
Сай салаға ағады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Көктем мезгілінде.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар, Көктем мезгілінде. Мүмкін сайқымазаққа сол көктем ханшайымы көмектесер.
Ән: «Көктем келді!»
(Залға әуенмен көктем келеді.)
Көктем: Сәлеметсіңдер ме, балалар, аналар, әжелер!
Балабақшада аналар мейрамы тойланып жатыр деп асыға жеткенім, мерекелеріңіз құтты болсын! Балалар көктемді асыға күттіңдер ме?
Жүргізуші: Рахмет көктем, төрлетіңіз. Біздің мерекеміздің қадірлі қонағы болыңыз. Біздің балалар көктемді аңсап күтуде.
Көктем: Балалар сендерге қонаққа сайқымазақ келіп қалыпты, қандай тамаша!
Жүргізуші: Мейірімді көктем ол анасына арнап көп шарлар алған екен, соларды ойнап жүріп жарып алды, енді анасына не сыйларын білмей тұрғаны.
Көктем: Көмектесіп көрейін. Қане, балалар, сендердің маған арнаған өнерлерін бар ма?
Би: «Қуыршақтар» қыздар билейді.
Жүргізуші: Көктем, енді біздің балалардың сізге арнаған өлең жолдары, әндері, билері бар. Соны тамашалаңыз!
Би: «Көктем гүлдері!»
Қыздардың бәрі билейді.
Көктем: Міне сайқымазақ, сен мына әдемі гүлдерді анаңа апар, ол қуанып қалады.
Сайқымазақ: Ой, жақсы болды ғой. Анама апарып беремін.
Сау болыңдар балалар,

Атырау қаласы
МКҚК №29 «Нұрсая» бөбекжай - балабақшасы тәрбиешісі
Сармурзина Маншук Башаркызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама