Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
«Ақ бидай» ертегісі туралы коррекциялық сабақ
«Совет Одағының Батыр Мәди Бегенов атындағы
жалпы білім беретін орта мектеп ММ»- нің
педагог - психологы
Исаева Зауре Муфтыевна

«Ақ бидай» ертегісі туралы коррекциялық сабақ.
(3 - 4 сынып оқушыларына арналған)
Мақсаты: Оқушылардың таным процестерін, оның ішінде шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетінше жұмыс орындауға баулу, еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке, адалдыққа, достыққа тәрбиелеу, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.
Коррекцияны жүргізу реті: Оқушылар өткен коррекциядағы мәселелерді қысқаша еске түсіріп, өздерінің ойларын ортаға салады. Сонымен қатар бұл кездесуге берілген үй тапсырмасы бойынша даярланған ойын ойнатылады.
"Сәлемдесу" ойыны: Екі бала ортаға шығып, бірі інісі, бірі ағасы болып, бір - бірімен сәлемдесуі қажет.
Інісі ағасына қандай жақсы сөздер айтуы мүмкін?
Ағасы інісіне қандай жақсылықтар жасауы мүмкін?
"Өзің жалғастыр....."
Марат коррекция сабаққа кешіккенін енді ғана ұқты...
Айнұр досын ренжітіп алғандай болды...
Оспан ағасына бір нәрсені айтуды ұмытып кетті...
Әңгімелерді одан әрі жалғастырып, өзбетінше аяқталуларын тауып, соңынан әрқайсысының ойын талқылауға болады. Ойын нәтижесі талданып болған соң «Ақ бидай» коррекциялық сабағы ұсынылады.
Ойын.
Матадан тігілген дорбаға бидай салып балаларға ұсынылады. Балалар сұрақ - жауап жұмыстарын жүргізеді.
Дорбаның ішінде не бар екен?
Жеуге жарай ма?
Иә.
Адам өміріне пайдалы ма?
Иә.
Арпа ма?
Жоқ.
Бидай ма?
Иә.
Психолог. «Ақ бидай» ертегісімен танысамыз. Психолог ертегіні айтып береді. Оқушылар түсініксіз сөздерді «Түртіп алу» жүйесі бойынша белгілеп алып отырады. Оқуға ынтасын қалыптастыру үшін оқушылардың таным процестерін коррекциялау жұмысы жүргізіледі. Ол үшін оқушылар бірнеше шығармашылық топқа бөлініп, әр топқа зерттеу жұмысын жүргізетін тапсырмалар беріледі.
Топтарға мынадай жұмыстар тапсырылуы мүмкін:
Математика тобы.
Көрнекіліктері: Ыдыста бидай, таразы, түрлі - түсті суреттер.
Жақшасы бар өрнекке ұқсаған есеп құрастыру.
Кері есеп құрастыру.
Оқу тобы
Ертегі бойынша қойылған сұрақтарға жауап дайындау.
Оқу техникасын қалыптастыру тобы.
Балалар ертегі мәтінін бір - біріне оқып беруі.
Жазу тобы
"Бидай" сөзін пайдалана отырып мәтін құрау.
"Бидай" сөзіне (сын есім, сан есім, етістік) сөз таптарын қатыстырып, сөйлем құрау.
Ғылым тобы
Нан дастарқанға қалай келеді? (зерттеу жұмысы)
Бидайдан дайындалатын тағамдар түрлерін кестеге түсіру.
Өнер тобы
Ертегі бойынша сурет салу.
Ертегі бойынша сахналық көрініс даярлау.
Ермек - саз тобы
"Бидай" тақырыбына байланысты өлеңдер, мақал - мәтелдер, жұмбақтар дайындау.
Топтарда жұмыс істеу барысында балалар келесі қасиеттерді меңгереді:
- бірлесіп жұмыс істеу;
- бір - бірінен үйрену;
- өз білімдерін іс - тәжірибесінде пайдалану;
- өзбетімен білім іздеу.
Топтардағы жұмыстарын қабылдап, оларды бағалау олимпиада сайысы ретінде немесе басқа да қызықты түрде жүргізеді. Топтар жұмыстарын бағалау және қорытындылау ертегі мазмұнын балалар қалай меңгергенін бағалау картасына түсіруге болады.
Әрбір ата - ана, психолог - тәрбиешілер жақсы көретін үлкен адамның қасында болу арқылы баланың табиғатпен жанды қарым - қатынас жасағанына ештеңенің де тең келмейтінін түсіну керек. Баланың жан - дүниесін оятып, дүниетанымын қалыптастыратын әңгімелерді, ертегі - өлеңдерді, жыр - дастандарды іріктегенде төмендегі талаптар орындалуы қажет:
- мазмұнын таңдағанда ертегі немесе әңгімелердің көлеміне назар аудару керек. Кішкентайлармен жұмыс жүргізуге ұзақ айтылатын, шұбалаңқы әңгімелерді пайдалануға болмайды;
- мазмұны коррекция сабақтың тақырыбына сәйкес болғаны жөн;
- мазмұны балаға қаңдай да болмасын құндылықты түсінумен қатар, оның бойында өзіндік пікір туғызатындай болу керек;
- мазмұнын баланың жас ерекшелігіне қарай іріктеп алуы қажет.
Келесі кездесуде тренинг ойындарының көптеген түрлерін пайдалана отырып ата - аналар мен балаларды бірге "балалалық шаққа" саяхатқа шақырылады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама