Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ақ пен қара

Иә. Ақ пен қара бір-біріне қайшы ұғымдай көрінеді. Өмірдегі әрбір құбылысты, жақсы мен жаманды ақ пен қара түске бөліп қарайықшы. Әдетте ақ түсті адамның кең пейілділігіне баласақ, ал қара түс қазақтың маңдайына біткен қорқыныш пен қасіреті іспетті. "Аққа құдай жақ" демекші ақ түс кезінде үйге кірген улы, зиянкес жыланды кері қайтарған. Қара түс көбіне қаралы хабарға баланған. Жақсылыққа бастау алатын адамның сара да дара жолы аққа боялып келе жатырғандай көрінеді. Ақ пен қара біреуге өмір мен өлім бейнесі болса, ал біреуге көзінің ағы мен қарасындай екі перзенті. Ал біреуге өміріндегі екі түрлі бағыттағы таспа. Олай деуімнің себебі, адамның өмірі бірде шырғалаң жол болса, бірде көлденең, түзу, кең даладай. Бұл әрине бала кезден құлаққа құйылып келе жатырған дүниелер. Алдыңнан қара мысық өтсе, жолыңның болмайтындығы дейді. Әрине егер сен сол нәрсеге шынайы сеніп, қабыл алған болсаң неге жақсы болуы керек?Сенің бір күнніңнің жақсы не жаман өтуі өз қолыңда. Сондықтан бұл жерде адамның сенімі үлкен рөл ойнайды. Ақ түсте әркез жақсы әсер бере бермейді. Соңғы сапарына аттанған адам ақ кебінге оралады. Сонда ақ түсті киім киген адамның бәрі дәл сол күні, бір мезетте мәңгілік мекеніне аттанды деген сөз емесқой. Бұл менің тағы бір дәлелім. Жақында психолог құрбымның историясынан “Таяқтың екі ұшы бар” деген тақырыпты ашып айтып жатырғанын көріп, біршама мәлемет алып, ойға түстім. Адам кейде ақ пен қараны ажырата алмай, байбалам салып, шегіне бармастан қателік жасап жатады. Оның бәрі адамның көзі бір-ақ түсті көріп, соған ғана назар аударып, жан-жағындағы түстерге мән бермеуі. Қорыта айтқан да ақ пен қара бұл жай ғана түс. Оны өмірдің әр кезеңіне бөліп, байланыстыра қарау үлкен қателік деп ойлаймын. Себебі өмір текі ақ пен қара түстен тұрмайды.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама