- 11 там. 2022 00:00
- 201
Ақымақ теке
Бір теке шөлдеп, таңертең бұлаққа түсіп су ішті дағы қайтадан шыға алмай бақыра бастады. Оның даусын естіп түлкі келіп айтты: егерде сенің иегіндегі сақалыңның қисабы сайын басыңда ақыл болса, сен бұл ойға түспестен бұрын қалай шығуыңды ойлар едің, деп.