- 11 там. 2022 00:00
- 199
Қаз
Бір қаз өзенде жүзіп жүріп өзіне өзі айтты: қалай мен ғажап құспын, жерде жүремін, суға жүземін, ауаға ұшамын, мендей құс бар ма екен деп. Бұл кеңесті әтеш естіп оған айтты: бекер сен мақтанасың, сен аттай жүгіре алмайсың, балықтай жүзе алмайсың, бүркіттей ұша алмайсың,, әр істің басын шатып жаман білгенше бір істі тәуір білген жақсы емес пе?