Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ақпараттық технологияларды өндірістік оқыту сабағында пайдалана отырып, білім алушылардың қызығушылығын арттыру

І. Кіріспе

Бүгінгі  таңда  қоғамымыздың  жаңа қарқынмен дамуы,  ғылыми-техникалық  прогрестердің  жетістіктері, еліміздің  өркениетті  елдер  қатарынан  көрінуі білім беру жүйесіне  де  ықпал етпей  қойған жоқ.
ХХІ  ғасыр информациялық  қоғам табалдырығына  аяқ басқан сәтте-ақ Республикалық білім берудің  жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі  қолға алынды.  Заман талабы оқу үрдісінде  компьютерлік  технологияны енгізу, оны кең көлемде  қолдануды қажет етеді.

1. Білім беру үрдісін ақпараттандыру

Оқытушы қызметінің негізгі мәні - өндірістік оқыту, тәрбиелеу, дамыту ғана емес, сол үрдістерді басқаруды шығармашылықпен ұйымдастыра білу. Өйткені, мұғалім еңбегінің бүгінгі нәтижесі қандай болса, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ. Мұндай адамды қалыптастыру қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. Әрбір жеке тұлғаның, бүкіл халықтың, бүкіл қоғамның тағдыры мұғалімнің еңбегінің нәтижесіне тікелей байланысты. Колледж  оқытушылары өз қызметін шығармашылық бағытта ұйымдастыра білуі үшін, ең алдымен, өз қызметінің мәнін түсіне алуы - басты шарт.

Ақпараттық – технологияларды пайдалану оқытушы мен білім алушылардың маңызды кәсіптік және анықтамалық ақпараттармен қамтамасыз етеді.  Ақпараттық - технологияларды пайдаланып интерактивтік сабақтарда оқытушы ұйымдастырушы, бақылаушы деңгейінде болып, білім алушылардың  белсенділігі арта түседі. Мұндай сабақтарда оқытушы жұмысқа тікелей қатысқанымен, өз мүмкіндігін шектеп, студенттің белсенді болуына жағдай туғызуы қажет.

Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдыма мынадай мақсат қойдым: заман талабына сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Осы мақсат негізінде алдыма қойған міндеттерім:

-студенттердің қабілеті мен талантын ашу;

-шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;

-өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу;

-өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.

Қазіргі кезде білім алушылардың санасында, ой-өрісінде жалпы азаматтық, адамзаттық рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, болашақ кәсіп иелері тұлғасының даму барысын психологиялық жан-жақты және үздіксіз зерттеу, оның даралық ерекшеліктерін танып, дұрыс бағытта дамыту, әр түрлі әлеуметтік және моралдық психологиялық жағдайларда қолдау көрсету және қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында жаңа азаматты қазақтың ұлттық өнері арқылы калыптастыру мәселесінің маңыздылығы мен көкейкестшігі күннен күнге артып отыр. Сондықтан білім беру жүйесін реформалау саясатын, ең біріншіден, кәсіптік білім беру сияқты өмір талабына қойылатын сұранысқа сәйкес жүргізу, екіншіден, оку үрдісіндегі білім беру мен ұлттық тәрбие бірлігін сабақтастыра отырып, білімнің үйлесімділігімен катар әрбір білім алушылардың ерекшеліктерін ескеріп, кабілетіне, белсенділігіне сәйкес бағдар ұстау керек.

Жеке тұлғаның дамуы әрекетшілдік және оқыту процесі кезінде ғана жүзеге асырылады. Баланың жеке басының дамуы әлеуметтік әрекетшілдіктің яғни ойнау, танымдық, еңбектік, қарым-қатынастық сияқты барлық негізгі түрлері кезінде табысты жүзеге асырылатыны баршамызға мәлім.

Осыған қоса психологтар былай дейді, қандай болмасын әрекетшілдікпен дәлелді және әсерлі түтынушылық бағалары, және субьекті үшін осы әрекетшілдіктің пайдалылығы мен мүмкіндіктері бірге жүреді.

Кәсіпке баулу барысында білім алушыларды адамгершілікке, іскерлікке, шеберлікке білімділікке тәрбиелеу, олардың дүниетанымын, дағдысын арттыру қазіргі күннің басты талаптары.

Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің  деңгейіне  республика мектептерін көтерудің тиімді жолы- білім беру саласын толықтай ақпараттандыру.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында  білім беру жүйесін  ақпарттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат  негізінде  анықталып,  осы жүйедегі  басты міндеттердің біріне айналып  отыр. «Қазақстан-2030»стратегиялық бағдарламасы  білім берудің ұлттық моделінің  қалыптасуымен және Қазақстанның  білім беру жүйесін әлемдік  білім беру кеңістігіне  кіріктіруімен сипатталады

Ақпараттық-технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық-технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

2. Жаңа ақпараттық - технологияны пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктері

Ақпараттық-технологияны электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс  істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – студенттерге ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін студенттердің шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымның құрамдас бөлігі болып табылады.

Жаңа ақпараттық технологияда оқыту құралы ретінде электрондық оқулық және интернет жүйесі маңызды орын алады. Ал, электрондық оқулықтың тиімділігіне тоқталатын болсақ, оны төмендегідей атап өтуге болады: (№ 1 сызба)

  • Анықтамалық оқыту элементі арқылы ағымдағы сабақ бойынша анықтамалыққа мүмкіндік алу.
  • Мультимедиялық ақпараттық технологияны пайдалану.
  • Ағымдағы сабақ бойынша ішкі және сыртқы тексеруді жүзеге асыру.
  • Компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру.
  • Сабаққа деген қызығушылығын ояну негізінде білім сапасын арттыру

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.

Өндірістік оқыту сабағында «My Testter» және  «easyQuizzy» сияқты  әртүрлі әдістермен тест тапсырмаларын жүргізуге болады. Өндірістік оқыту сабағында осы әдістерді пайдалана отырып білім алушылардің білім сапасын бекітуде қолданылады. Оқу – тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және студенттердің жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу керек. «My Testter» әдісі бойынша білім алушылар сабақ кезінде сабақты қаншалықты меңгергендерін тексеруге мүмкіндік алады. «My Testter» әдісін пайдалана отырып тест жауаптарының бірнеше жауап түрлерін пайдалынуға болады. «My Testter» бағдарламасы бойынша жасалған әрбір тест сұрақтарына білім алушылар жауап беру арқылы алған білімдерінің қаншалықты толық меңгергенін бақылауға болады.

Қазіргі оқыту жүйесіндегі жаңаша мазмұн жас ұрпақтың әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруінің басты нысаны. Тұлғаға бағытталған білім оның жан-жақты дамуына ықпал етеді. Психологияда дүние есігін ашқан әрбір сәби қабілетті болып туылады, оның әрі қарай дамып, жетілуі тәрбиешіге байланысты делінген. Демек, оқытушы мен студенттің арасындағы ынтымақтастықтың негізінде біз оң нәтижеге қол жеткізе аларымыз сөзсіз. Олай болса, оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс-тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білуі тиіс.

Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Студенттің терең білім беру үшін оқытушы мына төмендегі қағидаларды есте сақтағаны жөн деп есептеймін.

1. Оқытушы пәнді жетік меңгеріп, оны студенттерге ғылыми тұрғыдан негіздеп, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып бере білуі қажет.

2. Студенттердің жас ерекшеліктеріне қарай жеке бастарының психологиясын, жан дүниесін жете біліп, әр студенттің жүрегіне жол таба білуі абзал.

3. Ғылым мен педагогика саласындағы жаңалықтарды үнемі пайдаланып отыруы тиіс.

4. Мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап жеке блоктар түрінде топтастырып өткізе білуі керек.

5. Студенттерге ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін арттыру үшін жаңа сабақты, тірек конспектілері бойынша берген жөн

6. Студенттердің сапалы да тиянақты білім алуы үшін әр бөлім, әр тақырып бойынша олардың білімдерін тексеріп отырған жөн.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше, ал ертеңгі сабақ бүгінгі сабақтан жақсы болуы тиіс демекші. Әрбір тақырыпты түсіндіргенде білім алушылардың  мүмкіндіктеріне қарай тірек белгілері мен тірек конспектілерін пайдаланған жөн. Негізгі заңдылықтарды тірек белгілері арқылы студенттерді жинақылыққа, көркемдікке баулып, есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыруға, оларды шығармашылыққа баулуға мүмкіндік береді. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Өйткені, өндірістік сабақ – білім алушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол білім алушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Елбасы «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте  қажет» деп атап көрсеткендей, инновациялық оқыту технологиясын қолдану -  жаңа білім берудің бірден – бір шарты деп есептеймін.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы

2. Информационные технологии. – Москва

3. Қазақстан мектебі. 2013 ж. №6 «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі»

4. Қазақстан мектебі. 2015 ж. №4 «Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері»


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама