Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сізді батыл ете түсетін қарапайым әдіс

Қателесемін деген қорқыныш жетістікке апарар жолда көп адам үшін үлкен кедергі. Оқытушы әрі жаттықтырушы Андрей Якомаскин жас жазушыға қорқынышты ұмытып, әлем алдында танымал болуға көмектескен ақ парақ әдісі жайлы айтып берді.

Америкалық жазушы Элберт Хаббард былай деп жазады:

Өміріңізде жол беруіңіз мүмкін ең үлкен қателік – қателік жасаймын деп әрдайым қорқу.

Дарынды адамдардың оқиғасын тыңдай келе көп жағдайда көптеген қателіктерден кейін жасалған тұжырымдардан құрылғанын әрдайым ішімнен қайталап жүремін. Қателесе алудың қаншалықты маңызды екенін түсінеміз, себебі дәл осы қасиет алдағы уақытта даналыққа жетелейді.

Заманауи жазушы әрі Р. Л. Морган атындағы Мемлекеттік университетінің жас профессоры М. К. Асанте қателік алдындағы қорқынышты түйсінудің кереметтей жолын ашты.

Филадельфияның балама мектебінде оқып жүрген жасөспірімнің алдына ағылшын тілінің мұғалімі ақ парақ қойып, былай депті:

— Жаз.

— Не жазамын? – деп сұрайды ол.

— Қалағаныңды.

Бұл қарапайым жауап оның өмірін өзгертіп жіберген.

Осы жағдайды еске ала отырып, Асанте былай деп жазады: «Мен ақ қағазға қарап отырдым, жарқырап тұрған ақ мұхит, онда мүмкіндік бар еді. Оның тазалығы бар оқиғамды жазуға шақырып тұрды. Бірақ жаза алмадым. Қорықтым, тоқтап қалдым. Айтқым келген оқиғалар болды, бірақ қолымды қозғалта алмадым, сөздерім мұз астында қалып қойған су сияқты қатты да қалды».

Осы кезде мұғалімі оған ең маңызды сөздерді айтады:

Бастау үшін ұлы болудың қажеті жоқ, бірақ ұлы болу үшін бастау қажет.

Сол кезде ол ақ парақтың өзі және қателесуден, түсініксіз болудан қорқатын әрбір адам екенін түсінді.

Асанте атақты бола түскеннен кейін пенсильваниялық түрмеге барып, абақтыдағылармен жазу өнері бойынша семинар өткізеді. Сол жақта ол өз өмірін толықтай өзгертіп жібергісі келетін жастарды кездестіреді.

Шығып келе жатып, ол семинарға қатысушылардың бірі Джорданның камерасында матрацы жоқ екенін біледі.

— Менде бар, бірақ мен оның үстінде ұйықтамаймын, - деп түсіндіреді Джордан.

— Енді ненің үстінде ұйықтап жүрсің?

— Еденде, темір қаңқаның үстінде. Тек матрацта емес. Түсінесіз бе, - деп жалғады ол сөзін, - мен мұндайдың үстінде ұйықтай алмаймын. Тым ыңғайлы, мұндай жерде комфорттың болғанын қаламаймын.

Джордан ыңғайлы матрацтың үстінде ұйықтаса, қателіктің салдарын түзеуге болмайды деген оймен келісуі іспетті еді. Сөйтіп, ол алға қойған мақсаттарына жету үшін бұл жағдайдан шыға алмас еді.

Асанте Джорданға ақ қағаз береді.

Барлығымыз таза ақ парақтаймыз, жаңа жетістіктер туралы жазбалардың жазыла басталғанын қалайтын. Оқиғаңызды күн сайын жазыңыз. Есіңізде болсын: таза ақ парақтың алдындағы қорқыныш қарапайым оқиғаны ұлы туындыға айналдырады.

Сәттілік!


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама