- 05 нау. 2024 04:25
- 296
Әрекет
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы ересек «Ақниет» тобы
8 – сабақ
«Қатынас» білім беру саласы
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: «Әрекет»
Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша сөздер мен сөз тіркестерін үйрету.
Білімділік:
Сөздің дыбысталу мәдениетін қалыптастыру: тақырыптық сөздерді әдеби тілдегі норманы сақтай отырып айтуға үйрету, «і», «қ» «ұ», дыбыстарын дұрыс айтуын нақтылау және бекіту;
Сөздік қорын молайту және белсендіру: отыр, тұр, жатыр, қарайды, ұйықтайды, секіреді, ойнайды, тыңдайды, ішеді, жейді, шомылады;
Тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру: әуелі мұғалімнің көмегімен соңынан өз бетімен жай сөйлем құрастыруға сұрақтарға жауап беруге үйрету. Таныс сөздерін өзгертуге үйрету: көкөніс - көкөністер т. б.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету: сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстыруға, мәтінді түсінуге жаттықтыру.
Түзету: тілді түсіну, есте сақтау, логикалық - ойлау қабілеттері мен ұсақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: мемлекеттік тілде мәдени - әлеуметтік өзара қатынасқа дайын тұлғаны тәрбиелеу, қазақ тілінде дұрыс, анық сөйлеуге жаттықтыру, Ойыншықтарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілік пен құралдар:
демонстрациялық: Білгішбек (қуыршақ театрынан), Сұрақ мырза, ребус «қарақат», жидектердің муляждары, қуыршақ, қ, ə, ұ дыбыстарын суреттер;
үлестіретін: жұмыс дәптерлері, түрлі түсті қарындаштар.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:
Тақырыптық сөздерді, олардың мағынасын, сөз – тіркестерді;
«Қайда өседі? Не істейді? Деген сұрақтарға жауап беруді.
Қандай түсініктерді игереді:
Әр – түрлі әрекеттер туралы түсініктерді..
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:
мұқият тыңдап, түсініп, сұраққа жауап беру, нұсқауларды дұрыс орындау;
Нұсқауларды дұрыс орындау;
Қ, ұ дыбыстарын артикуляциясын жетілдіру;
Сөз ұйқастарын дұрыс айтуы;
дәптерде тапсырманы орындау және қарындашты дұрыс ұстау;
белсенді ойынға қатысу.

Іс – әрекет кезеңдері | Мұғалімнің іс - әрекеті | Балалардың Іс - әрекеті |
Мотивациялық - қозғаушылық | 1. Сәлемдесу. «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біз бүгін қазақ тілін үйренуді жалғас – рамыз. Д/о «Қайда өседі?» - Мынау не? - Сәбіз қандай? - Сәбіз қайда өседі? - Алма қайда өседі? - Сәбіз, қияр, пияз, қызанақ – олар нелер? - көкөністер қайда өседі? | Амандасады. Жауаптар: - Мынау – сәбіз - сәбіз бақшада өседі. - Алма бауда өседі. - Сәбіз, қияр, пияз, қызанақ – көкөністер. - Көкөністер бақшада өседі. |
Ұйымдастыру – іздестіру | 2Білгішбекке жұмыс дәптердегі әрекетті білдіретін суреттерге балалардың назарын аудартады. Әрекет сөздерін үйренуді ұсынады. | Қызығады, келіседі. |
Жаңа тақырып үйренеміз. 1 ф/ж «Сөзұйқастар айтайық». Ыр - ыр - ыр – орындықта бала отыр. Ыр - ыр - ыр – мысық диванда жатыр. Ұр - Ұр - ұр – қыз балмұздақ жеп тұр. | Тыңдайды. Қайталайды. | |
3. Тапсырма: сөзжұмбақ шешу, жидектерді қайталау). | ||
4. «Сергіту сәті» «Бұйрықты орындаңдар» | Орындайды | |
5. Тіл дамыту. Е. Өтетілеуов. «Тәй - тәй» Бөпем бүгін қаз басты, Тәй - тәй. Көп емес, аз басты, Тәй - тәй. Өзі мәз боп күледі. Тәй - тәй. Әлі - ақ тез жүреді. Тәй - тәй. | Тыңдайды, Қайталайды, сұрақтарға жауап береді. | |
6. Сиқырлы қарындаштың тапсырмасы: «Аю не істейді?» Жауап бер боя. | Дәптердегі тапсырманы орындайды, әңгімелейді. | |
Рефлексивті – түзетушілік | 1. Сұрақ мырзаға жауап бер: – Бүгін қандай сөздер үйрендіңдер? | Жауап беріп, қайталайды |
2. Мұғалім мен Білгішбек балаларды мадақтайды. | Жетістіктеріне қуанады. |