Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Елін сүйген Елбасы
Тақырыбы: Елін сүйген Елбасы.
Мақсаты:
1. Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев туралы мағлұмат беру
2. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі - өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру.
3. Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бол білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, слайд, шарлар, Н. Ә. Назарбаевтың қанатты сөздері.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Гимнің тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)

ІІ. Негізгі бөлім
Слайд арқылы таныстыру
- Балалар, сендер Елбасымыз, рәміздеріміз туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Алинур:
Тәуелсіздікті елге сыйлады
Бейбітшілікті қалады
Орындалып арманы
Халқымызда ажарлы
Осының бәрі әрине
Елбасының арқасы
Елизавета:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.

София:
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Тлеуберген Алихан:
Елбасымыз Нұр аға,
Салғызып Алтынорда.
Көркейтіп елін қазақтың,
Көрсетпей өмір азабын.

Айзере:
Қазақ елі – Қазақстан,
Болашаққа үн қосқан.
Жақсы күнге жетелеп,
Елбасым менің - Нұрсұлтан.
Мейіржан:
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен - тек.
Елдің ашық қабағы.

Айсұлтан:
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.

Ерсайын:
Жасай бер Қазағым!
Жасай бер Елбасым!
Жарайсыңдар балалар, енді сұраққа жауап беріп көрейікші.
1. Қ. Р. Президенті кім?
2. Қ. Р. Рәміздерін ата?
3. Н. Ә. Назарбаев қай қалада тұрады?
Ойын «Қазақстанды гүлдендір»

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама