Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы
Тақырыбы: §45 Ас қорыту мүшелерінің құрылысы
Мақсаты:
Білімділік: Ас қорыту мүшелерімен, олардың құрылысымен, атқаратын қызметімен таныса отырып оқушылардың білімділігін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін дамыта отырып, сабаққа деген
қызығушылығын, білімге деген құштарлығын арттыру, логикалық тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ағза үшін асқорыту мүшелерінің маңыздылығын ескере отырып,
дұрыс толыққанды тамақтануға салауатты өмір салтын қалыптастыруға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақтадағы слайдттар, «Адамның ішкі құрылысы» муляжы
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: Сызбанұсқа арқылы түсіндіру, әңгімелеу, суретпен жұмыс, сұрақ - жауап, логикалық тапсырмалар т. б.
Пәнаралық байланыс: валеология, гигиена, математика, медицина, т. б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен танысу, түгендеу
2. Үй тапсырмасын сұрау «Ер дәулеті - еңбек»
3. Жаңа сабақты түсіндіру «Білгенге - маржан»
4. Бекіту «Көңілге түйгенің» айдары
5. Қорытындылау
6. Бағалау. «Бейнет түбі - зейнет»
7. Үйге тапсырма беру
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру
2. «Ер дәулеті - еңбек» айдары
1 - слайд
«Кім шапшаң?» ойыны
1. Қоректік заттар дегеніміз не?
(Нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералды тұздар, су мен витаминдер)
2. Ферменттер деген не? (нәруыз текті заттар)
3. Тамақ өнімдері деген не?
(адам рационының құрамына кіретін өсімдіктекті және жануартекті өнім)
4. Асқорыту дегеніміз не?
(тамақ өнімдерінің едәуір қарапайым, организмге сіңірілетен заттарға ұсақталу және ыдырау процесі)
5. Адам организміндегі нәруыздың тәуліктік мөлшері (100гр)
6. Көмірсулар қандай қызмет атқарады? (энергия көзі)
7. Майлардың тәуліктік мөлшері қандай? (80 - 90 гр)
8. Витаминдер не үшін қажет? (организмнің өсуі мен дамуы)
9. Ұлттық тағамдар мен сусындарды ата (ет, қуырдақ, қазы - қарты құрт, шұбат, айран т. б.)
10. Адам ағзасына тәулігіне қажетті су мөлшері? (1, 5 - 2, 5 л)

2 - слайд “Биологиялық есеп”
Есеп №1.
Егер бір адамға тәулігіне 6 грамм тұз жеткілікті болса, әр отбасыға бір аптада, бір
айда қандай мөлшерде тұз жұмсалады? Әр оқушы өз отбасына есептеп шығаруға болады.
Жауабы:
(6 г х отбасы саны) х 7 = 6 х 5 х 7 = 210 г
(6 г х отбасы саны) х 30 = 6 х 5 х 30 = 900 г
Есеп №2.
Тамақтанған кезде әр адам 1 грамм нанды шығындайды. 50 000 халқы бар елді мекенде бір жылда қанша нан шығындалады?
Жауабы:
А) (1 г • 4 мезгіл) • 50 000 = 4 х 50 000 = 200 000 г = 200 кг.
Ә) 200 кг • 365 күн = 73 000 кг = 73 т

3. «Білгенге - маржан»
Эпиграф
Апыл - ғұпыл ішкен ас,
Асқазанға түскен тас.
М. Әлімбаев
3 - слайд
Асқорыту жүйесі асқорыту жолы мен асқорыту бездерінен тұрады. Адамда асқорыту жолының ұзындығы шамамен 8 - 10 м.
Ас қорыту жүйесі (кесте тақтада)
4 - слайд Асқорыту жолының қабырғасы (кесте тақтада)

5 - слайд. Ауыз қуысының құрылысы (тақтада)
6 - слайд. Ас қорыту мүшелері (тақтада, муляжын көрсету)
7 - слайд. Ұйқы безінің құрылысы мен қызметімен таныстыру

4. «Көңілге түйгенің» айдары
а. «Ізден, ойлан, тап» (тақтада асқорыту мүшелеренің суреті бойынша баяндау)

ә. Біліміді сына
1. Ас қорыту жүйесі қандай мүшелерден тұрады
2. Төменгі бөлімі қарынмен жалғасатын мүше
3. Тоқ ішектің соңғы бөлімі
4. Қарын мен тоқ ішекті байланыстыратын мүше
5. Адам ағзасындағы ең ірі асқорыту безі
6. Ауыз қуысының кіреберісінің мүшелері

б. Биологиялық диктант (тақтаға да, дәптерге де орындайды)
1. Асқорыту.................. басталады. 1. алмұрт
2................ асқорыту және тыныс алу жолдары қиылысады. 2. ауыз қуысынан
3. Қарынның пішіні................. немесе қапшық тәрізді. 3. ащы ішек
4. Асқорыту жолының ұзын бөлігі.................. деп аталады. 4. бүйен
5. Тоқ ішектің тұйықталған бөлігі................... деп аталады. 5. жұтқыншақ

в. Тест жұмысы
1. Адамда ас қорыту жолының ұзындығы
А) 3 - 5 м
Ә) 8 - 10 м
Б) 15 - 18 м
2. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?
А) жұмсақ таңдайда
Ә) ұрттың сілекейлі қабығында
Б) тілде
3. Ас қорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылысады?
А) Ауыз қуысында
Ә) жұтқыншақта
Б) өңеште
4. Асқорыту жолында асқазаннан кейін не орналасады?
А) аш ішек
Ә) тоқ ішек
Б) ұлтабар
5. Тоқ ішектің бөлімдері
А) аш ішек, жиек ішек, тік ішек
Ә) соқыр ішек, тік ішек, ұлтабар
Б) соқыр ішек, жиек ішек, тік ішек
6. Аш ішек бөлімдері
А) ұлтабар, тік ішек, аш ішек
Ә) ұлтабар, аш ішек, мықын ішек
Б) соқыр ішек, жиек ішек, тік ішек

5. Қорытындылау
6. Үйге тапсырма беру §45 Ас қорыту мүшелерінің құрылысы,
ас туралы 5 мақал - мәтел жазу
7. «Бейнет түбі - зейнет» оқушыларды бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама