Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Құстар жоғары класы. Қауырсын жабынды жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Құстар жоғары класы. Қауырсын жабынды жануарлар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Құстардың тіршілік әрекетімен, құрылыс ерекшеліктерімен, көптүрлілігімен, өздеріне тән белгілерімен танысу.
Дамытушылық: Ойын тәсілдерін пайдалана отырып құстар туралы білетіндерін толықтыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Құстарды қорғауға, табиғатты аялауға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Дайын слайдтар, құстардың тұлыптары, қаңқасы, қауырсындары т. б.
Сабақтың жүрісі: Жаңа сабақты бастамас бұрын үй тапсырмасы сұралады.
1 - қатарға тест тапсырмалары
1. Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым.
а) зоология
ә) герпетология
б) биология
2. Жорғалаушылардың жүрегі неше қуысты?
а) 3
ә) 4
б) 2
3. Жорғалаушылар не арқылы тыныс алады?
а) бүйрек
ә) жүрек
б) өкпе
4. Жорғалаушылардың терісі қандай?
а) Тегіс, безді
ә) ірі қабыршақты
б) мүйізді қабыршақты
5. Жорғалаушылар қалай көбейеді?
а) жұмыртқа
ә) уылдырық
б) тірілей

2 - қатарға серпіліс сұрақтары
1. Жорғалаушылардың қаңқасының құрылысы қандай?
2. Жорғалаушылар қалай тыныс алады?
3. Терісінің құрылысы қандай?
4. Ас қорыту мүшелері.
5. Зәр шығаруы қалай жүреді?
6. Қан айналым мүшесі.
7. Қандай отрядтары бар?

3 - қатарға биологиялық диктанат
1. Жорғалаушылардың терісі.......... 2. Терісі үнемі өсу кезінде........... 3. Жүрегі жартылай.......... 4. Жорғалаушылардың сезім мүшесі......... 5. Дара жынысты..........ұрықтанады. 6. Жұмыртқа салады және............ туады.

Жаңа сабақты түсіндіру

Оқушылардың өз ойларын тыңдау.
Сабақ тақтадағы суреттерді, тұлыпты, қаңқаны пайдаланып түсіндіріледі.

1 - слайд. Құстардың сыртқы құрылысы
2 - слайд. Құстардың түрлері(пингвин, түйеқұс, үйрек, бүркіт т. б)
3 - слайд. Құстардың қаңқасы
4 - слайд. Ас қорытуы.
5 - слайд. Қосарлы тыныс алуы.
6 - слайд. Қан айналым жүйесі.
7 - слайд. Жүйке жүйесі.
8 - слайд. Зәр шығаруы.
9 - слайд. Жұмыртқаның құрылысы.
10 - слайд. Балапан түрлері.
11 - слайд. Құстардың арғы тегі (ілкіқұс, көнеқұс)
Сабақты қорытындылау.(сұрақ - жауап алу)
1. Құстардың қаңқасына тән белгілер.
2. Тыныс алуында қандай ерекшеліктер бар?
3. Балапан шығаруындағы ерекшелігі.
4. Неге жылықандылар деп атайды?
5. Жорғалаушыларға ұқсас белгілері.
6. Зәршығарудағы ерекшелігі.
7. Терісінің қосалқы бөлімдері.
8. Ас қорытудағы ерекшеліктері.

Сөзжұмбақ «Құстар»
1. Құстар қалай тыныс алады?
2. Құстар қалай көбейеді?
3. Қауырсын бөлігі
4. Тіс қызметін атқарушы қарын.
5. Аяқ бөлігі.
6. Жүрегі неше бөлікті?

«Қандай құс?» ойыны
1. Баласын аппағым дейтін қандай құс? (қарға)
2. Қандай құстың тамағы шоқуменен табылған?(сауысқан)
3. Қандай құстың түсіне тары кіреді?(тауық)
4. Қандай құс ұша алмайды?(пингвин)
5. Махамбеттің өлеңіндегі қандай құс?(қызғыш)
6. Қандай құс қорегін түнде аулайды?(үкі, жапалақ)
7. Кез - келген ұяға жұмыртқа салатын қандай құс?(көкек)
8. Қандай құс орман дәрігері?(тоқылдақ)
9. Қандай құстың қазаны бар?(бірқазан)

«Тіл - өнер»ойыны
Құстар – птицы - birds Жұмыртқа - яйцо - egg
Балапан - цыпленок - chicken Тауық - курица - hen

Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма беру: Құстар туралы мақал - мәтелдер, жұмбақтар жазып келу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама