Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ел мүддесі- ерге сын
Тақырыбы: Ел мүддесі - ерге сын
Мақсаты:
1. Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д. А. Қонаев және еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру
2. Жеке тұлғаның зияткерлік дамуын өз бетінше ізденуін, оқу арқылы қалыптастыру, жеке тұлғаның зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту
3. Ұлы тұлғалардың халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әдебиеттер топтамасы, интерактивті тақтадағы слайд, музыка, шар, жалаушалармен безендірілген.
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру:
1. Сыныпты түгендеу
2. Оқушыларды екі топқа бөлу

ІІ Жаңа сабақ:
1. 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні
№ 152 (21212) Сейсенбі, 13 желтоқсан 2011 жыл
Ел Парламенті қабылдаған заңға сәйкес 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күні – Мемлекеттік мереке ретінде белгіленді.
ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары “Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы” Қазақстан Республикасы Заңына толықтырулар енгізу туралы” ҚР Заңын қабылдады. Аталған заң 1 желтоқсанда аталып өтілетін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу мақсатында әзірленген. Заңның қабылдануы арқылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің республикаға сіңірген зор еңбегі танылады. Заңды қабылдау мемлекетіміздің азаматтарының отаншылдық рухын арттыра түседі.
1оқушы:
Өшпейді ғой, өлмейді ғой ұлы еңбек,
Елің барда мәңгі бақи еленбек.
Ел үшін атырам деп жарық таңды,
Сіңірдің жан аямай көп еңбек
2. Советтік Қазақстан: Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО және шет ел ордендері мен медалдарының иегері.

• Өмірбаяны - Д. А. Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген. Алматыдағы №14 мектепті үздік аяқтаған
• Оқу жолы - Орта мектепті бітіргеннен кейін, Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті оны 1936 жылы Мәскеу Түсті металл алтын институтына тау - кен инженері мамандығы бойынша оқуға жібереді. Институтты ойдағыдай бітірген.

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,
№8 жалпы орта білім беретін мектеп
технология пәнінің мұғалімі
Калдыбаева Алмажан Тлеубаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама