Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Астана LRT: Аэропорт пен "Нұрлы жол" вокзалы аралығы 40 минутта жүрілетін болады

Астанада 2026 жылы LRT (жеңіл рельсті көлік) жүйесі іске қосылады. Бұл жаңа көлік жүйесі қала ішіндегі жолдардағы көлік кептелісін азайтып, тұрғындардың қатынауын жеңілдетеді деп күтілуде.

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, LRT пойыздарының аралығы 5-10 минутты құрайды. Станциялар арасындағы жол жүру уақыты 1,5-3 минутқа созылады.

Ең ұзақ бағыт, яғни "Нұрлы жол" вокзалынан "Аэропорт" станциясына дейінгі аралықты жүріп өту шамамен 40 минутты алады. Пойыздың жылдамдығы сағатына 40-50 шақырым болады.

LRT жүйесіне мамандар даярлау жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Оқыту процесі жақын айларда аяқталады деп күтілуде.

Сондай-ақ, компания электронды төлем жүйесі мен пойыз қозғалысын бақылау сервистерін әзірлеуде. Станциялар билет сату орындарымен, күту залдарымен, санитарлық тораптармен, эскалаторлармен және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған лифттермен жабдықталады.

Жаңалықтар

Жарнама