Tengrinews.kz
- 26 ақп. 2026 03:31
- 16
Жұмбақ жағдайда жоғалған 25 жастағы қазақстандық: "Әділет, шық, оян!"
Екібастұзда 25 жастағы Әділет Кендір ерекше жағдайда жоғалып кетті. Полиция, туыстары мен еріктілер оны екінші күн бойы іздеп жатыр.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратқа сүйенсек, 23 ақпан күні кешкісін сағат 21:00 шамасында Әділет Қоролев көшесі, 82 мекенжайынан қызыл Hyundai MUFASA автокөлігімен такси қызметіне жұмыс істеуге шыққан. Содан бері оның қайда екені белгісіз болып отыр.
Көлігі табылды, бірақ іздеу жалғасуда
Кейіннен оның көлігі Екібастұздағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан табылды. Сол жерде еріктілер іздеу шараларын бастады. Табылған видеода іздеу тобының мүшесі дауыс күшейткіш арқылы жоғалған азаматқа: "Әділет, шық, оян!" деп үндеу тастағаны көрінеді. Бұл сөздер желіде қызу талқыға түскен. Кейбіреулер бұл сөзді орынсыз деп тапса, енді біреулер әйелдің жанашырлығы мен іздеуге назар аударту әрекетін құптады.
Полиция мен еріктілер бейнекамера жазбаларын зерттеп, Әділеттің жүрген бағыттарын анықтауға тырысуда.
Жұмысына шықпаған
Павлодар облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жас жігіт "із-түзсіз жоғалған" ретінде іздестіріліп жатыр. Оның туыстарының айтуынша, Әділет теміржолда вагондарды тексеруші болып жұмыс істейді. 24 ақпанға қараған түні ол жұмысқа кірісуі тиіс болған, алайда жұмысқа келмеген.
"Бауырым ешқашан жұмыстан қалмайтын, ескертпей жоғалып кетпейтін. Әрдайым байланыста болатын. Оның көлігі бөтен аулада, камераның көзіне ілінбейтін жерде тұрған", - дейді сіңлісі.
Оның айтуынша, соңғы рет ол ағасымен 23 ақпан күні кешкі сағат онда телефон арқылы сөйлескен.
Ақпарат бергендерге сыйақы ұсынылады
Туыстары Әділеттің қандай да бір ақпараты бар жандардан хабарласуын сұрайды. Оның бойы 165-170 см, орта денелі, қара шашты. Қолында сағаты мен араб жазуы бар мөр сақинасы болған. Жоғалған күні сұр күртеше, жасыл спорттық костюм және қара кроссовка киген.
-
Астанада 2026 жылы LRT іске қосылады деп жоспарлануда. Бұл жоба жолдардағы көлік кептелісін азайтып, қала ішіндегі қозғалысты жеделдетуге тиіс.
-
A 25-year-old man has disappeared from Ekibastuz, prompting a large-scale search by police, family, and volunteers. His car was found, but his whereabouts remain unknown.