tengrinews.kz
- 31 нау. 2026 13:30
- 28
Астана тұрғындарына ескерту: краннан жасыл су ағуы мүмкін
Астана қаласының тұрғындарына маңызды хабарлама! 4 сәуірде қаланың жылу желілеріне арнайы органикалық бояу қосылады. Бұл шара судың жасыл түске енуіне себеп болуы мүмкін.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Неге су жасыл болады?
«Астана-Теплотранзит» АҚ мәліметінше, бұл әдіс құбырлардағы ақауларды, су жылытқыштардағы кемшіліктерді анықтауға арналған. Флуоресцеин натрия (уранин А) деп аталатын бояу судың жоғалуын анықтауға көмектеседі. Бұл бояу адам денсаулығына зиянсыз және жылу жүйелерінде қолдануға рұқсат етілген.
Су жасыл болып ақса не істеу керек?
Егер сіздің үйіңіздің кранынан ыстық су жасыл түсте ақса, дереу келесі нөмірлерге хабарласыңыз: