Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 31 минут бұрын)
Назарбаевтың бұйрығымен қуылып, кейін жоғары қызметке келген шенеунік: Қайрат Кәрібжановтың тағдыры

Бұдан бірнеше жыл бұрын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен қызметінен босатылған Хайрат Кәрібжанов қазіргі уақытта «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығының бас директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып отыр.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кәрібжанов аталған мекемеге 2023 жылдың қараша айында тәуелсіз директор ретінде келген. Ал биылғы жылдың мамыр айынан бастап «QazTrade» акционерлік қоғамының бас директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалып, кадрлар және сыйақылар комитетін де басқару құқығына ие болды. Ол сондай-ақ тәуелсіз директорлар қауымдастығының мүшесі саналады.

Назарбаевтың наразылығы

Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылдың қыркүйек айында Қауіпсіздік кеңесінің отырысында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев сол кездегі үкімет басшысы Даниал Ахметовке «Қазақтелеком» компаниясының басшысы Хайрат Кәрібжановты қызметінен босатуды тапсырған болатын. Назарбаев Кәрібжановтың айына 364 мың доллар жалақы мен 2 миллион доллардан асатын жылдық сыйақысына қатты наразылық білдіріп, оның жұмыс істеуге моральдық құқығы жоқ екенін айтқан.

«Қазақтелеком» компаниясының президенті жұмыстан тез арада босатылсын. Озбырлыққа бой алдырғандардың бәріне ақшаны өз бетімен қайтаруға нұсқау берілсін. Қайтармағандарды жеке тізімге қамтып, баспасөз беттерінде жариялау керек. Артынан заңды түрде тексеру жүргізілетін болады», – деген еді сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы жиыннан кейін Хайрат Кәрібжанов өзіне бонус ретінде берілген қаражатты мемлекетке қайтарып берді. Ұлттық компанияны 6 жыл басқарған ол қызметінен кеткен соң «Қазинформтелеком» мекемесіне ауысқан болатын.

«QazTrade» орталығының жаңа басшысы

Бүгінде Хайрат Кәрібжанов басқаратын «QazTrade» орталығы – Сауда және интеграция министрлігіне бағынатын ұлттық институт. Жақында бұл мекеменің түрлі іс-шараларға 151 миллион теңге жұмсауды жоспарлап отырғаны анықталды.

Жаңалықтар

Жарнама