Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
«Әуенді тап» ойын арнасы
Мақсаты: Шығармашылардың өзара ортақ немесе ерекшеліктерін талдай білуге үйрету. Баланың музыкаға деген сезімін оята отырып, ой белсенділігін арттыру. Музыкаға сай үйлесімді қимылдар жасау. Балалардың өз жерінен шыққан сазгерлермен таныстыру. Балалардың музыкаға қызығушылығын оятып, өз елінің тарихын білуге деген білімін арттыру. Музыканы тыңдата отырып, балалардың ақыл - ойына, сезіміне әсер етіп, жүрекпен ұғына білу қасиеттерін, ән айту, би билеу қабілеттерін дамыту. Балаларды ептілікке, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, көрсету, жаттату, әңгімелеу, сұрақ - жауап, жеке баламен жұмыс, бағалау, қорытындылау.
Көрнекіліктер: үнтаспа, баян аспабы, теледидар, нота ұяшықтары, плакаттар, суреттер. Буратино кейіпкері, сандықша, сиқырлы кілт, нота белгісі, залда безендірген шарлар т. б
Пәнаралық байланыс: математика, дене тәрбиесі, тіл дамыту, көркем әдебиет.
Балалар залдың екі жағында тұрады.
Ән жетекшісі: Екі - екіден қол ұстаса
Біз шығамыз ортаға
Дөңгелейміз биге баса
Қане достар қоршала
Балалар: Біз балдырған көңілді
Жайнатамыз өмірді
Бірге: Болсын кіші бойымыз
Биікке ұшу ойымыз
Оң аяқ пен сол аяқ
Би билейді қосылып
Біз балдырған көңілді
Жайнатамыз өмірді
Ән жетекшісі: Жарайсыңдар, балалар! Біз жыл бойы ән - әуез сабағынан не үйрендік, не білдік, осы мақсатта мен сендердің білімдеріңді тексеру үшін «Әуенді тап» ойын арнасын дайындадым. Қазір мен алақанымды 3 рет соққанда сахна ашылуы керек. Қане соғып көрейікші: 1, 2, 3. (сахна ашылады)
- Балалар, ойынымызды бастамас бұрын сен сендерді ойын шартымен таныстырайын. Экранда 4 тақырып берілген. Тақырыптың бойында суреттер берілген. Суреттерге қарап тақырып таңдайсыңдар. Бұл тақырыптың бойында өтілген 4 мезгілге байланысты әндер мен билер жасырылған. Осы жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы өздеріңнің білімдеріңді көрсетесіңдер. Бұл ойынды 2 топқа бөлініп ойнайық. (2топқа бөлінеді). Тобымызға ат қойып алайық. І топ сендер ат қоясыңдар?
- «Айгөлек» деп қоямыз
- Ал, екінші топ сендер ше?
- «Қамажай» деп атаймыз.
- «Айгөлек» тобы музыка белгісінің оң жағына, ал «Қамажай» тобы сол жағына орналаса қойыңдар. Мен бір жұмбақ жасырамын, шешуін кім бірінші тапса, ойынды сол топ бірінші бастайды.
Басы бар, денесі жоқ, бойы бір кез
Табарсың болсаң зерек осыны тез
Қозғасаң қос құлағын тігіп алып
Тамаша әр тараптан айтады сөз
- « Қамажай» тобы тапты, ойынды да бірінші бастайды. Экранда берілген суреттерге қарап тақырып таңдай қойыңдар.
- Біз 3 қатардағы суретті таңдаймыз
- Бұл сұрақта «Мына үнтаспадағы әнді тыңдап, қандай ән екенін айтыңдар» делінген. Қане, әнді мұқият тыңдайық.
- Бұл ән «Анашым» деп аталады. Бұл әнді 8 наурыз мерекесінде үйренгенбіз.
- Өте жақсы, балалар! Бұл жергілікті сазгер Болатбек Кенжалиевтың «Анашым» әнін Кенжалы Асқаров ағамыздың орындауында тыңдадық. Келесі кезекті «Айгөлек» тобына берейік.
- Біз 1 қатардағы дауыс жаттықтырып тұрған балалардың суретін таңдаймыз
- Бұл ұяшықта үй құсының дауысын салып беріңдер делінген. Мынау қандай үй құсы?
- Бұл әтеш
- Дауысын сала аламыз ба?
- Ку - ка - ре - ку
- Жарайсыңдар, келесі кезек «Қамажай» тобында.
- Біз 4 қатардағы ән айтып тұрған апайдың суретін таңдаймыз
- Бұнда «Көктем мезгіліне арналған қандай ән білесіңдер?» деген сұрақ жасырылған екен
- Біз көктем мезгіліне арнап «Ару көктем» әнін білеміз. Сол әнді орындап берсек дейміз
Ән: «Ару көктем»
- «Айгөлек» тобы қай ұяшықты таңдайсыңдар?
- Біз 2 - ші сандағы билеп жүрген қыздардың суретін таңдаймыз.
- Бұл ұяшықта әр ұлттың билері берілген. Соның ішінде «Қандай қазақша би түрін білесіңдер?» деген сұрақ қойылыпты.
- Біз өзіміз билеп жүрген «Айгөлек» биін білеміз және соны билеп береміз.
- Жарайсыңдар, ендеше биді тамашалайық
Би: «Айгөлек»
- «Қамажай» және «Айгөлек» тобының балалары өте өнерлі екен. Өнерлерің өрге жүзсін! Балалар, сендерге ойын ұнады ма?
- Балалар, ана жақтан бір әдемі әуен естілетін сияқты, тыңдайықшы.
Буратино келеді: - Сәлем достар! Мен ертегілер елінен келдім. Осы жерде «Әуенді тап» ойыны өткізіліп жатыр дегенді естіп, өз үлесімді қосайын деп келдім. Сендер сондай көңілді екенсіңдер. Мен де сендермен бірге көңілімді көтеріп, ойын ойнасам деймін. Оған қалай қарайсыңдар? Менің жақсы көретін ойыным бар. Менің сандықшамда түрлі жануарлардың бейнесі салынған бейнелер бар. Мен сендерге көрсеткенде, сендер соның дауысын салып тұрып қимылын көрсетіп билейсіңдер. Бұл ойын «Биле достар» деп аталады. (ойын ойналады)
Ән жетекшісі: Жарайсың, Буратино! Сен жақсы ойын біледі екенсің, біздің балалардың көңілін көтеріп тастадың. Балалар, Буратиноға не дейміз?
- Рахмет!
- Балалар, сендер бүгін жыл бойы алған білімдеріңді ортаға салып, жан - жақты көрсете білдіңдер. Сендердің әсем әндерің мен көңілді билерің бәрімізді қуанышқа бөледі. Өнерлі де, білімді, талантты да, тапқыр болып өсіңдер!
Балалар: Біз балдырған көңілді
Жайнатамыз өмірді!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама