Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Блокнот программасын үйрену
Ашық сабақтың тақырыбы: Блокнот
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың тәжірибесіне, оның дағдыларына және компьютермен жұмыс істеу кезіндегі нақты жағдайларға байланысты, блокнот программасын іске қосу, блокнот программасын іске қосу жолдарын тереңірек меңгерту.
Дамытушылығы: Оқушылардың білімге құштарлық қабілетін арттыру, компьютер жұмысы туралы білігін арттыру, қолданбалы жүйелерде көп міндетті, көрнекілік, интеграция қалай білінетінін анықтауды меңгеруін арттыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке, іскерлікке, білімділікке, ұжымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.
Сабақтың әдісі: Ойын, жарыс сабақ.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, блокнот, схемалар, кестелер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Үй тапсырмасын тексеру - көкпар ойыны.
Жаңа материалды түсіндіру.
Сергіту жаттығуы
Жаңа материалды бекіту – Теңге ілу, Қыз қуу, Бәйге (Практикалық жұмыстар)
Үйге тапсырма
Қорытындылау, бағалау.
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу.
Сыныпты сабаққа дайындау.
Жоқ оқушыларды түгендеу.
Құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің сабағымыз күндегіден өзгеше болғалы отыр. Алғашқы көктем айы келіп жетті, ал енді осы айда қандай мерекелер болады екен? Әрине осылардың ішіндегі ең маңыздысы Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі. Наурыз қазақша жаңа жыл, жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Бұл күн мен түннің теңелген күні. Ұлыстың ұлы күнінде қазақтың әр үйінде өзгеше той болады. Бұл мерекеде ұлттық тағамдар әзірленіп, ұлттық ойындар ойналады.

Ал сіздер қандай ұлттық ойындарды білесіздер?...
Үй тапсырмасын тексеру. Көкпар
Енді осы ұлттық ойындарды сабағымызда нұсқау ете отырып, сабағымызды бастайық. Ал енді үй жұмысын жақсы оқып келсек, көкпар ойынын бастайық. Бұл ойынды бастамас бұрын сынып екі топқа бөлініп, әр топқа ат қоямыз. Енді екі топ үй жұмысы бойынша бір - біріне сұрақ қояды. Көкпар дұрыс жауап берген топқа көшеді.

Жаңа сабақ түсіндіру. Блокнот бағдарламасы. Блокнот - өте кішкентай мәтіндік редактор, оның жұмысы үшін аз ғана жад қажет. Ол кәдімгі жұмыс кезінде ескертулер жазатын электрондық блокнот сияқты қолданылады

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама