Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Аяжанның тағдыры

Жадыраған жаз мезгілі де өтіп, күңіренген күз мезгілі жаздың орнын басып жетті. Жапырақтың реңі жасыл түстен айрылып, табиғи жолмен алтындай сары түске айналды. Табиғат құлазып, әсем әуен шырқаған құстар да жоқ. Ағаштар салқын жел лебінен теңселіп тұрғандай көрінеді. Әр адамға арман болған, Астана қаласының күз мінезі секілді мұңайған ағаштардың арасында, бір бойжеткеннің ықсып-ықсып жылаған дыбысы естілді. Өз-өзін тежеп алады, бірақ көзінен моншақтай төгілген жасына ерік бере алмайды. Ол бойжеткеннің есімі — Аяжан еді. Аяжан ата-анасының жалғыз қызы. Ата-анасы Аяжанды ештеңеден кемсітпей, қиыншылықтың дәмін татқызбай бағып қақты. Аяжан жастайынан ән айтып, би билеп, өлең жазып, жанындағы адамдарға қолдан келген көмегін көрсетіп, үлкендердің ақ батасын алып жүретін. Мектебінде де қатарластарының арасында сыйлы, үздік оқушы болатын. Уақытының әрбір минутын босқа өткізбей, жаны қалаған ісімен айналысатын. Бұл балдырған балалық күндері артта қалып, мектебін үздік бітіреді. Жазғы демалыс күндері аяқталып, үйдегі ата-анасымен қимай-қимай қоштасып, ақ үміттерін арқалап, арман қуып, Астана қаласына келеді. Өзі балалық шағынан армандап жүрген сәңгер мамандығына оқуға түсіп, оқуына тыңғылықты кіріседі. Күнде қолына қалам мен қағаз алып, ауылдағы ата-анасына үзбей хат жолдап тұрады. Жоғарғы оқу орнында көптеген достар тауып, танысып, тіл табысады. Айсәуле есімді бойжеткенмен бірінші күннен-ақ ұғынысып кетеді.

Сабақтары біткеннен соң, күнде бір-бірінің, киноға, би орталықтарына барып жүреді. Кешкі бір уақытта Айсәуле Аяжанды би орталығына шақырады, алайда Аяжанның қалауы болмаса да, Айсәуле өз дегеніне көндіреді. Бара сала, Аяжанды көрікті де сымбатты жігітпен таныстырады.Ол жігіттің есімі — Қуаныш еді. Аяжанды қызу әңгіменің ортасында, Қуаныштың Айсәуленің ағасы екенін біліп, таңырқап қалады. Екі жас бір-бірін қатты ұнап, бір көргеннен ғашықтық сезім пайда болады. Осы таныстықтан кейін жақын танысып, сөйлесіп кетеді. Бірге саябақта жүріп, келешекте бірге болатын өмірлері жайлы сыр тарқатып, көздеріне елестеді. Осындай бір күндері Қуаныш Аяжанды кенеттен саябаққа шақырып, өзінің Алматы қаласына шақырту алғаны туралы мән жайды баяндайды. Аяжанның күлімсіреген жүзі бұл жайтты естігенде су сепкендей басылып кетеді. «Қалайша мен сені алысқа жібере аламын?» — деген қиын сөздерін жеткізсе де, бір ауыз сөзбен шақыртуды жауапсыз қалдыруға болмайтынын білетін. Амал барма, сүйгенін алыс жерге жіберіп, жабырқап қала берді.

Айсәуле Аяжанға қолдау көрсетіп жүреді. Күндер жылжып өте берсе де, Аяжан өз сүйгенін тағатсыздана күтіп жүреді. Уақытылы почта арқылы хат жазысып, бір-бірін көруге асық екендігін жеткізгендей болады. Құрбысы Аяжанға сүйгенінің келуіне әлі көп уақыт бар екендігін, ол келгенше көңіл көтеріп, жігіттермен танысып, білісуін өтінеді, ал Аяжан болса, мүлдем келіспейтін. Қыстың бір аязды салқын күнінің бірі еді..

Бұл күннің ерекшелігі — Айсәуленің дүние есігін ашқан күні. Өзінің құрбысына сыйлық таңдап жүріп, уақыттың қалай тез өтіп кеткенін, аңғармағанын, түсіністік көрсетуін өтінеді. Бәрі мақұлдап, туған күн кешін керемет көңіл күйде өткізе бастайды. Айсәуленің Аяжан танымайтын достарының арасынан өзіне деген қараған бір сұңғақ бойлы жігітті байқап қалады. Ол жігіт Аяжанның жанына жақындап, жылы-жылы сөздермен Аяжанның көңілін баурап, ішіне еніп алады. Аяжанды арам суға алдап тойдырып, өз ойлаған ойын орындайды. Таң атысымен Аяжан қатты бас ауырғанынан оянып кетеді. Жан-жағына көз салып, құрбысы Айсәуленің үйінде жатқанын аңғарады. Жанына көз қиығын салса, кешегі бейтаныс жігіттің жанында жатқанын байқап, орнынан лезде атып тұрады. Не істерін білмей, басқалардың оянғанын күтпестен апыл-ғұпыл киініп, үйден көзіне жас алып шығып кетеді. Кешегі болған оқиғаны есіне түсіре алмай, қатты қиналып сарсаң болады.

Бір ай бір күн секілді өтіп кетеді. Аяжанның күтуге қорқып жүрген ойлары орындалып еді. Аяжан өзінің құрсағына бала біткенін білгенде өмірден түңіліп, одан бетер қиналып, тыныштықта өмір сүреді. Жанындай жақсы көретін құрбысы Аяжанды женілтекке санап, онымен қарым-қатынасын үзеді. Аяжан жатақханада тұрудан бас тартқаннан соң, ата-анасы туыстарының үйіне орналастырған болатын. Туыстары бұл жағдайды білгенен соң, Аяжанды киімдерімен бірге лақтырғандай боп, қаралап үйден қуып жібереді. Барар жері, басар тауы қалмағанын түсінеді. Өзін асырау үшін, күндіз аурухананың еденін жуса, ал кешке ойын-сауық орталықтарында ән салады. Сөйтіп, осылай жүргенде сабағы нашарлап, емтиханнан сүрініп, тегін оқуынан айырылады. Тағатсыздана күткен сүйіктісі әскерден келіп, Аяжанның жүкті екенін білгенде, өң-бойы ашуға толып, ауыр сөздермен жүрегін жаралап қош айтысады. Келесі кезекте құрсағындағы сәбидің әкесін шарқ ұрып, әрең дегенде тапқанда, олда сәбидің әкесі екенін мойындамай бас тартады. Не істерін білмеген Аяжанның ойында тек ата-анасы ғана. Басы әбден қатып, ауылдағы үйіне қайтуды жөн санайды. Үй ішіне мән-жайды баяндағанда, әкесінінің жүрегі бұл естіген жайттарға шыдамай дүниеден өтеді. Аяжан бұл болған оқиғаға өзін-өзі кінәләп, қол жұмсамақ та болады, бірақ та анасы дер кезінде келіп қалды . Тек жанында қалған анасы Аяжанға демеу болып, ауылдағы олар жайлы айтылған сыбыстарға қарамастан, құрсағындағы сәби мен Аяжанға күтім жасайды. Аяжан ай күні жетіп, дүниеге сүп-сүйкімді, періштедей сұлу, сүйкімді қыз баланы алып келеді. Дүниеге жаңа ғана келген сәбиге Аяжан бұрылып та қараған жоқ. Тек Аяжанның анасы ғана сәбиді құшақтап, иіскеп, мауқын басып алады. Өз-өзіне келгеннен кейін Аяжан сәбиді анасына тастап, бұрынғы қаласына аттанып кетеді.

Сәбидің әкесін іздестіріп жүргенде, оның түрмеге ұрлық жасап, адам өлтіріп жасаған қылмыстарын біледі. Бұрынғы сүйгенінің қазіргі уақытта отбасы болғаныда естілді. Отбасылық бақытты Аяжанға сәбидің әкесін іздестіруде үлкен көмек көрсеткен инспектор жігітінен табады. Бір жетім баланың бір тиынға зәру болғанын көріп, қызына деген аналық махаббаты оянып кетеді. Қызын құшағына қысып, одан кешірім сұрайды. Ай сайын Аяжан отбасымен әкесінің зиратына келіп, ағаштарға сүйеніп, өмірінің артында қалған қиындықтарды есіне түсіріп, әкесінің өзі үшін дүниеден өткенін ойласа, қатты еңкілдеп жылап алады. Бірақ қазір Аяжан өте бақытты. Өйткені, жанында адал сүйген жары, бөлеткен үш бүлдіршіні мен аяулы анасы бар, бір өкініштісі асқар таудай әкесі жоқ. Өмірде әр адам бақытты бола бермейді. Құдай жақсы адамдарды алдымен қиын жағдайлардан өткізіп қана бақытты етеді, ал зұлым мінезді адамдарды бірінші рахат өмірге бөлеп, артынан тозақ отына жандырады. Бұл өмір заңдылығы. Сондықтан да қазірден бастап бақытты өмір сүргін келсе, жақсылық жаса! Жақсылық жасаудан жалықпа!

Айдана Боранбаева Инновациялық Еуразия Университетінің 4 курс студенті


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама