- 12 ақп. 2020 00:00
- 254
Әйелі өлгенде аза тұтпаған Қожа, есегі өлгенде аза тұтады
Қожаның әйелі дүние салғанда, пәлендей қайғы, реніштің нышаны жүзінен байқалмаса керек. Арада аз уақыт өткен соң Қожаның есегі өліп қалады. Қожаның қатты қайғырып, аза тұтып отырғанын көріп, достары:
— Әйелің қайтыс болғанда, қабағыңды да шытқан жоқ едің, есегің өлгенде еңсең түсіп, еңіреп отырғаның қалай? — дейді.
Сонда Қожа:
— Әйелім дүние салғанда, көрші-қолаң келіп: «Қатын өлді, қамшының сабы сынды. Қайғырма, жібі түзу бір адам тауып, тағы да үйлендіреміз» деп көңіл айтып жұбатқан еді. Ал, байғұс есегім тырайып қалғанда, жұбатпақ түгіл, тірі жан есігімді ашқан жоқ. Ендеше мен қамықпағанда, кім қамығады? — депті.