Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Жүк тасушының ақысы (ІІ түрі)

Қожанасыр базардан әрдеңелерді сатып алыпты да, заттарды үйіне жеткізу үшін жүк тасушы жалдайды. Бірақ жол-жөнекей жүк тасушы жоғалып кетеді. Қожанасыр оны күні бойы іздеп таба алмайды.

Арада оншақты күн өтеді. Бір күні Қожа жолдастарымен бірге көшеде қыдырып келе жатса, әлгі жүк тасушы келе жатыр екен. Қожанасыр бір қалтарыс көшеге тұра қашады. Достары куып жетіп:

— Сонша неге тұра қаштың? Бұл сенің заттарыңды алып кеткен жүк тасушы емес пе, сен емес ол қашпай ма? — дейді.

— Менің қашқан себебім, — депті сонда Қожанасыр. — Ол менен сол он күнге ақы талап ете ме деп қорықтым. Бұл ақы менің жоғалған заттарымнан әлдеқайда қымбатқа түсер еді ғой.

 

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама