Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қожа өзінің жүгінен өзі ат-тонын ала қашады (І түрі)

Қожа біреуді жалдап, жүгін соған көтертіп жолаушылап келе жатады. Бірде жол-жөнекей әлгі адамынан көз жазып қалады, қанша іздегенімен таба алмайды.

Арада он күн өткен соң Қожа достарымен келе жатқанда, бір досы:

— Әне, сенің іздеп жүрген адамың, — дейді. Мұны ести салысымен Қожа көзден ғайып болады.

Соңынан досы жолығып:

— Жаңағы адамды ұстап алудың орнына өзіңнің қашып кетуің қалай? — дейді.

Сонда Қожа:

— Ол менің жүгімді көтеріп жүргелі он күн болды. Егер ол мені ұстап алып: «Жүгіңді он күннен бері көтеріп жүрмін, ақысын төле», деп дауласса, мен не бетімді айтамын, — депті.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама