Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Әзіл-шыны аралас

Көптен кездеспеген екі дос бірін-бірі сынағысы келіп:

— «Құрыш қалай шынықтыны» оқыдың ба? — деп сұрайды.

— Жоқ, мен көркем әдебиет оқитын кісімін. Ондай техника жөніндегі кітапты оқуға мойным жар бермейді.

— Мүмкін «Қарағандыны» оқыған боларсың?

— Сен өзің қызық екенсің ғой? Мен көркем әдебиетті оқитын кісімін деп жаңа ғана айттым ғой. Миыңа қонбай ма?

— «Ақ аюды» ше?

— Ей, келеке етесің бе өзің! Ақ аюың не? Мені аңшы деймісің?

— Салтыков-Щедринді оқыдың ба?

— Салтыковты оқығаным бар, Щедринге қолым жетпей жүр, — депті.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама