- 21 ақп. 2020 00:00
- 185
Бір күн бұрын ескерткенім ғой
Әжесі немересінің қолына су таситын табақ беріп тұрып:
— Сындырып алма — деп, баланы шапалаққа тартып-тартып жібереді.
Оған ашуланған келіні:
— Жазықсыз баланы неге ұрасыз! — дейді. Сонда енесі:
— Сен әлі түсінбейсің, табақты сындырып қойған соң баланы ұрғаның не, ұрмағаның не? Бұл ерте бастан сындырмасын деп ескертіп жатқаным ғой — депті.